» » Балалар ғарышкерлер мұражайында

Балалар ғарышкерлер мұражайында

qarmaqshy-tany.kz ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЖАСАЛЫП, ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНЕ ЕНУГЕ БАҒЫТ АЛУДА. ОСЫҒАН ОРАЙ, СОҢҒЫ КЕЗДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘРТҮРЛІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП, МЕКТЕП ПРАКТИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУДА.
Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін көтеру мақсаты қойылды. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың біріне ыңғайлы, екіншісі үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет. Бұл бағытта бастауыш сынып мұғаліміне де қойылар талап жоғары. Сыныбымыздың оқушыларымен олардың қызығушылығын, танымын арттыру және сабақ процесінде «Жаратылыстану» пәнінен «Жер және ғарыш» бөлімі бойынша алған білімдерін толықтыруда Байқоңыр қаласындағы қалалық мәдениет үйінде орналасқан «Ғарышкерлер мұражайына» саяхат жасадық.
Оқушыларға ең алғашқы ғарышты зерттеу мақсатының бастау алуынан бүгінгі даму дәрежесіне дейін жан-жақты ақпарат берілді. Балалар жұлдызды қалашықтан бастап, зымыранның әр бөлшегі үшін тер төккен тұлғалар жайлы мәлімет алды. Алып зымырандардың қызметі мен шығу тарихы, олардың ғарышқа сапарымен танысты. Ғарышкерлердің ғарыштағы тұрмыстіршілігі мен азық-түлігі балалардың қызығушылығын тудырды. Балалар гид маманның ғарыш денелері, ғаламшарлар туралы сұраған қызықты сұрақтарына таласа жауап берді. Жер шарының әр түкпірінен келген ғарышкерлерге қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, тарихын дәріптейтін ұлттық қазақи нақышта безендіріліп, жабдықталған бөлме оқушыларға да керемет әсер қалдырды.
Айгүл САҚТАПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
№85 мектептің мұғалімі
19 ақпан 2023 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930