» » Көрнекті қайраткер жайлы көрме

Көрнекті қайраткер жайлы көрме

qarmaqshy-tany.kz Сәрсенбінің сәтті күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Тарих. Тағдыр. Тұлға.» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды.

Шара Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры әртістері сомдаған «Нарком Жүргенов» драмасының үзіндісімен басталды.

Көрменің ашылу салтанатында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова және «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсат тау тұлға – Темірбек Жүргенов жайлы тағылымды ой тарқатып, биылғы атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Көрмеге облыстық музей қорындағы 60 жуық фотосурет мен архивтік құжат, кітаптар, ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында зиялы қауым өкілдерінің пайдаланған заттай экспонаттары қойылды.

16 ақпан 2023 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930