» » Ақын - елдің данасы

Ақын - елдің данасы

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйіне қарасты “Ешнияз сал" үйірмесінің жетекшісі Ә.Мырзағалиевтің ұйымдастыруымен «Ақын-елдің данасы» тақырыбында ақын Мұхамбетқали Шыңғысовтың 95 жылдығына арналған танымдық сабақ болып өтті. Сабақта ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Сабақ барысында үйірме шәкірті Елдес Мәди Қали Шыңғысовтың айтыстарынан үзінді орындаса, Абылайханқызы Альбина Базар жыраудың ”Мәжілісін қыздыр алқаның” термесін орындады. Оқушыларға осы өткен және бұрынғы тақырыптардан түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылып, белсене қатысқан оқушыларға шағын сыйлықтар табысталды.
Танымдық сабаққа №111-ші орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Құлжанов Ақәділ және мектеп кітапханашысы Берманова Дана қатысып,оқушылардың жырға деген білімдеріне баға беріп, сабақ соңын өз ойларымен бөлісіп қорытындылады.

15 ақпан 2023 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 689
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031