» » Қызылорда облысында алғаш рет африкалық түйеқұс шаруашылығы ашылмақ

Қызылорда облысында алғаш рет африкалық түйеқұс шаруашылығы ашылмақ

Сыр елін африкалық түйеқұс та жерсінді. Тұрқы бөлек, құстың ішіндегі ең ірі қанаттының 100 басы бірер айда жеткізілуге тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».  
Сөйтіп, Қызылорда облысында алғаш рет африкалық түйеқұс шаруашылығы ашылмақ. Құстың біразы Сырдария ауданының Бесарық ауылына бұған дейін де жеткізілген.
80 келіге дейін ет беретін африкалық түйеқұстың 12-сі бірінші лекпен Бесарыққа жеткізілді. Әзірге бірнеше күн карантинде тұрады. Кейін арнайы салынып жатқан қоражайда 100 түйеқұс күтімге алынып, инкубатор арқылы екі есеге дейін көбейтілмек. Басты мақсат – еті мен жұмыртқасын өндіріп, ішкі және шетелдің нарығына шығару.
Жасұлан Әбдірашитұлы, серіктестік директорының орынбасары:
- Етінің бағасы шамамен 1 келісі – 7 мың-12 мың теңге арасында. Сұранысқа байланысты. Жұмыртқасының бағасы – 3-5 мың аралығында. 1 жұмыртқасының салмағы 2,5 келіден 4 келіге дейін болады.
1 аналығынан маусымына 50-60 дана жұмыртқа алуға болады екен. Әр дана жұмыртқа 3-5 мың теңге аралығында саудаланады. Түйеқұс Сыр өңірінің қатаң климатына тез бейімделеді, - дейді мамандар. Өйткені ыстық пен суыққа төзімді келеді екен. Азық талғамайды. Кәдімгі төрт түлікке беретін жоңышқа мен құрама жемді сүйсініп жеп тұр. 
Бұл жоба ойдағыдай жүзеге асса, қосымша 10 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жалпы, ауданда өткен жылы кәсіпкерлікті дамыту аясында 450 адам жұмыспен қамтылған. Барлығы 500 жобаға мемлекет тарапынан 3 млрд теңге қаржылай қолдау жасалған. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.
Алмат Сәдуақасов, Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:
- Құны 3 млрд теңгені құрайтын жобалар тізімін жасақтадық. Оның ішінде ауданымыз аграрлық сала болғанмен де, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласына басымдық беріп отырмыз.
Айта кетейік, Сырдария ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саны 3 мыңға жуықтаған. Соңғы бір жыл көлемінде бұл көрсеткіш 19%-ке артқан. Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев.
13 ақпан 2023 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031