» » Қыздар байқаудан бас жүлде алды

Қыздар байқаудан бас жүлде алды

qarmaqshy-tany.kz Елімізде өтетін әрбір байқау баланың талабын ұштап, шығармашылығын шыңдайды. Көпшіліктің алдына шыққан бала да сахнаға төселіп, өзін еркін ұстауға бейімделеді. Онымен қоса, байқауға қатысушы ел-жер көріп, тарихи танымын арттырады. Достар табады. Ортасы өседі. Ал, енді марапаттау рәсімі кезіндегі олардың көзіндегі қуанышты сөзбен айтып жеткізу тіпті де мүмкін емес.
Марапат демекші, жақында Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында өткен додалы байқауда Жосалы кентінде орналасқан "Дәметкен ана" балаларды оңалту орталығының екі бірдей өнерпазы бас жүлде алып, марапатқа ие болғаны – бәріміздің де төбемізді көкке тигізгенді.
"BALA-FEST" деп аталатын халықаралық байқауда орталықтың тәрбиеленушілері Аида Шауханбаева мен Алтынай Берікқызының өнері үздік шығып, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге лайықты деп танылды. Аида – "Қыз тағдыры" тақырыбындағы өз туындысын мәнерлеп жатқа оқып берсе, Алтынай – мың бұрала би билеп көрерменнің жүрегін баурап алды. Балалардың өнерге қанатын қатайтып, баулып жүрген жетекші-ұстаздары Ақмарал Маханова мен Айқын Жәкеева да марапаттан тыс қалған жоқ. Ерекше балалармен етене жұмыс істеп, олардың өнер әлемінде бақтарын сынауға күш-жігерін аямаған ұстаздар да өлшеусіз еңбектері үшін "Үздік ұстаз" атанып, алғыс хатпен марапатталды.
– Біздің әр баламыз өнерлі, талантты. Олардың бойындағы бұғып жатқан дарынын көпшілікке таныту, қоғамдық ортаға паш ету – негізгі жұмысымыз. Балалармен жұмыс істеу бізге серпін береді, – дейді педагогтар.
С.ДАТ
11 ақпан 2023 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 454
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 253

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930