Топ-баннер
» » Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң 3 рәсім бойынша жүзеге асады

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң 3 рәсім бойынша жүзеге асады

Биыл 3 наурыздан бастап қарызын өтей алмай жүрген жеке тұлағалар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға сәйкес өтініш бере алады. Бұл заң 3 рәсім арқылы орындалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Бекшин хабарлады.
-Өздеріңізге белгілі, 2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды. Бұл заң наурыз айында күшіне енетін болады. Аталған заңда 3 түрлі рәсім бекітілген. Атап айтқанда, соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бірінші, соттан тыс банкроттық – жеке тұлағалардың барлық екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарында және коллекторлық агенттіктерінде қарыздары болса ғана жүзеге асырылады. Тиісінше, азаматтар мынадай талаптарды орындауы міндетті. Бірінші, азаматтардың қарызы – 1600 АЕК-тен яғни, 5,52 млн.теңгеден аспауы тиіс. Екінші, жеке тұлға өз қарызын 12 ай бойы өтемеген болуы керек. Сонымен қатар азаматтардың банк және қаржы ұйымдары алдындағы берешектері 5 жыл қатарынан төленбей келсе негізгі шарттар қолданылмайды. Соттан тыс банкроттық рәсімі «электрондық үкімет» порталында жүргізіледі. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің критерийлерге сәйкестігі мемлекеттік органдардың деректерімен автоматты түрде салыстырылады, - деді департамент басшысының орынбасары Қуанышбек Бекшин.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

01 ақпан 2023 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 536
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 346

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031