» » Жеке тұлғалар 2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады

Жеке тұлғалар 2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берик Ниеталиев түсіндірме берді.
ҚР азаматтарының төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында 2022 жылдың 30 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң қабылданды.

Брифинг барысында аталған Заң жобасының негізгі қадиғалары, Заңда көзделген рәсімдердің 3 түрі - соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы айтылды.

Рәсімдеудің үш түрі де қарыз алушының бастамасымен ғана жүзеге асады. Яғни, банк борышкердің келісімінсіз банкроттыққа өтініш бере алмайды. Рәсімді қолдану барысында азаматқа бірқатар шектеулер енгізіледі. Мәселен, соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы өзін банкрот деп жариялаған азамат 5 жыл көлемінде несие ала алмайды және 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады. 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау жүргізіледі. Ал, сот банкроттығы рәсімінде азаматқа шет елге шығуға тыйым салынып, қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерлік беру бойынша мәмілер жасауға тыйым салынады.
Бұл заң заңды тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге қолданылмайды.

Қазіргі таңда Қызылорда Мемлекеттік Кірістер басқармасымен аталған заңның нормаларын түсіндіру мақсатында қаламыздың адам көп шоғырланатын орындарында, аялдамаларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, екінші деңгейлі банктерде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда Қаласының Әкімдігі


09 қаңтар 2023 ж. 740 1

Vanessa от 28 мамыр 2025 17:20
You said it very well! casino en ligne Amazing data, Many thanks. casino en ligne Wonderful posts, Thanks a lot. casino en ligne Helpful write ups Thanks a lot! meilleur casino en ligne You said it perfectly.! casino en ligne Really plenty of wonderful advice. casino en ligne Regards! Awesome information! casino en ligne France Really a good deal of terrific tips! meilleur casino en ligne This is nicely expressed! . casino en ligne Superb postings. With thanks! casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

№42 (10410)

10 маусым 2025 ж.

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 918
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30