» » Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді

Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай өңір кәсіпкерлерімен кездесті.
Байқоңыр қаласы прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты аймақтағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелерін талқылау. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында прокуратураның қадағалауын азаматтар мен бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағыттауды тапсырды. Осыған байланысты азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы қадағалауды күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда.
Атап айтқанда, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Байқоңыр қаласы прокуратурасы жанынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топ құрылды.
Мобильдік топтың міндеті – мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу және бизнеске кедергі келтіру туралы өтініштер мен қоңырауларға жедел әрекет ету болып табылады.
Мобильдік топ жетекшісі, Байқоңыр қаласының прокуроры Т.Е.Бектұрсынов кәсіпкерлерге мобильдік топтың жұмыс жасау тәртібін таныстырып өтті. Сонымен қатар, жиында аталған мобильдік топтың мүшесі, Қармақшы аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры А.Қ.Утегенов кәсіпкерлер арасында мобильдік топтың қажеттілігі жайында және жеке кәсіп иелерінің құқығын қорғауда заң аясында берілетін кеңестің маңыздылығын атап өтті.
27 қаңтар 2023 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031