» » Осы айдан бастап бала күтіміне жәрдемақы төлеу мерзімі ұзартылды

Осы айдан бастап бала күтіміне жәрдемақы төлеу мерзімі ұзартылды

2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдер бала бір жарым жасқа толғанға дейін төленеді. Бұл туралы Алматы қаласының Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Асқар Аймағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер Мемлекет басшысы 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайтуды тапсырғанын еске салды.
«Бұрын бала бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы төленетін. Енді 2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бала 1,5 жасқа толғанға дейін ұзартылды. Ол мыналарды құрайды: бірінші балаға – 19 872 тг (5,76 АЕК), екінші балаға – 23 495 тг (6,81 АЕК), үшінші балаға – 27 083 тг (7,85 АЕК), төртінші және одан да көп балаға – 30 705 тг (8,9 АЕК). Жұмыс істейтін аналар бала күтіміне байланысты үйінде отырып табысынан айырылған жағдайда, төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,5 жылға дейін ұзартылады. Сондай-ақ оның мөлшері бала туғанға дейінгі соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды», – деді Асқар Аймағамбетов.
Сондай-ақ оның мәліметінше бірінші, екінші және үшінші бала туған кезде 131 100 тг (38 АЕК); төртінші және одан да көп балаға 217 350 тг (63 АЕК) төленеді. Ал егер егіз (үшем және т.б.) туған жағдайда біржолғы туу жәрдемақысы әр балаға төленеді және оның мөлшері туу тәртібіне байланысты.
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақы күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1,4 көлемінде төленеді. 2023 жылғы қаңтардан бастап бұл жәрдемақының мөлшері 56 794 теңгені құрайды.
«I топтағы бала кезінен, яғни, 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы 2023 жылғы қаңтардан бастап 56 794 теңгені құрайды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 22 080 теңгені (6,4 АЕК) құрады», – деді спикер.
Сондай-ақ Асқар Аймағамбетов өзімен бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға 2023 жылғы қаңтардан бастап тағайындалған жәрдемақы мөлшерін айтты. Яғни, төрт балаға – 55 304 тг (16,03 АЕК), бес балаға – 69 138 тг (20,04), алты балаға – 82 973 тг (24,05), жеті балаға – 96 807 тг (28,06) сегізінші және одан да көп балаға – әр балаға 13 800 теңгеден – 4 АЕК болады.
25 қаңтар 2023 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031