» » 2023 жылы декреттік төлемдердің көлемі қандай болмақ?

2023 жылы декреттік төлемдердің көлемі қандай болмақ?

qarmaqshy-tany.kz Жаңа жылдан бастап бала күтіміне байланысты жәрдемақы алушыларға жәрдемақы төлеу мерзімі автоматты түрде ұзартылады. 

1,5 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін ата-аналар үшін республикалық бюджеттен жәрдемақының екі түрі төленетін болады.

Бірінші – бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы. Бұған 2023 жылға 65,8 млрд теңге көзделген. 2022 жылы бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 120 840 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан да көп бала туғанда 200 340 теңгені (63 АЕК) құрады.

Екінші – бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы. Туған баланың кезектілігіне байланысты сараланған мөлшерде беріледі. Бұл мақсатқа 2023 жылы 43,8 млрд теңге қарастырылған.

Жұмыс істейтін ата-аналар үшін республикалық бюджеттен бала туған берілетін біржолғы жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем төленетін болады. Айта кетейік, әлеуметтік төлем мөлшері кейінгі екі жылда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Atameken Business


06 қаңтар 2023 ж. 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30