» » «Жастардың қоғамдағы рөлі» тақырыбында кездесу жиыны өткізілді

«Жастардың қоғамдағы рөлі» тақырыбында кездесу жиыны өткізілді

Бүгін Қармақшы ауданына қарасты №105 мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушыларымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қармақшы аудандық филиалының төрайымы Раева Күлжауһар Төлегенқызы, Жастар ресурстық орталығы басшысы Пірназаров Нұржұман Пірназарұлы, Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Еспанов Қайрат Әділбекұлымен кездесу жиыны өткізілді.
Жиында аталған мектептің жоғарғы сынып оқушыларына жиынға қатысушы қонақтардың әрқайсысынан өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтардың біздің болашағымыз екенін, қателіктерге жол бермеу керектігін, ұл баланың еріншектікке, қыз баланың жеңілтектікке бой алдырмауын, сабақтарына мұқият ден қоюын, құқық бұзушылыққа жол бермеу қажеттігі және қазіргі замандағы жастардың қоғамдағы рөлінің маңызы зор екені, жастардың болашағанынан ел зор үміт күтетіні айтылып, оқушыларға құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған ақыл-кеңестер айтылды.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

18 қаңтар 2023 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 551

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930