» » "Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі орны”

"Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі орны”

qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығы қорытындысы бойынша “Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі орны” тақырыбында жаңа форматта ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері арасында тығыз байланыс орнату. Ата-аналарға жеке-жеке баласының білім сапасы мен тәртібі жөнінде толық мағлұмат беру.
Жиналыс барысында мектеп әкімшілігі ата-аналардың ұсыныс пен пікірлерін тыңдаса, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, логопед, арнайы мамандарға сұрақтарын қойып, кеңестер алды. Сонымен қатар сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері ІІ оқу тоқсанының қорытындысына талдау жасап, әр ата-ананы баласының білім сапасымен, тәртібімен таныстырды.
Ата-аналар жиналыстың жаңа форматта өткізілуі мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға қосар үлесі зор екендігін айтып, ризашылықтарын білдірді.
17 қаңтар 2023 ж. 1 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Хабарландыру

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 367

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031