Құрылтай
» » Үкімет дүкен салғысы келетін кәсіпкерлерге субсидия беруді жоспарлап отыр

Үкімет дүкен салғысы келетін кәсіпкерлерге субсидия беруді жоспарлап отыр


Мұндағы мақсат – дүкендегі тауар бағасының қымбат болуына жол бермеу.

Үкімет облыс орталықтары мен моноқалаларда заманауи сауда орталықтары мен көпфункционалды сауда кешендерін салуға не жаңғыртуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекеттік субсидия беруді көздеп отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкіметтің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" қаулысына енгізілуі тиіс өзгертулердің жобасынан белгілі болды. Алайда, бұл санатқа сауда-ойын-сауық орталықтары жатпайды.
Жоба бойынша, салынатын не жаңғыртылатын сауда орталықтары бірқатар талаптарға сай келуі шарт:
  • сауда алаңының аумағы кемінде мың шаршы метр болуы керек;
  • дүкен көтерме емес, бөлшек саудамен айналысуы тиіс;
  • сауда алаңында азық-түлік, оның ішінде әлеуметтік азық-түлік сататын орындар, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық, қойма бөлмелері болуы тиіс.
Құжат жобасының иесі – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің түсіндіруінше, Қазақстанда заманауи форматтағы сауда алаңдары тапшы. Оған қоса, сауда алаңдарын сатып алу және жалдау құны да өте жоғары. Бұл факторлардың бәрі дүкендердегі тауар бағасының қымбаттауына әкеліп отыр. Осыған орай, Үкімет жоғарыда аталған талаптарға сай келетін сауда орталықтарын салуға ниетті кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау арқылы дүкендегі баға мәселесін реттемек.
16 қаңтар 2023 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 670
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31