» » Негізгі міндет - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақытылы анықтау

Негізгі міндет - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақытылы анықтау

Мемлекеттің басты міндеті - жемқорлықпен ымырасыз күресу. Бұл ретте мемлекеттік органдар жобалық басқару аясында сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл базалық бағытқа сәйкес жұмыс жүргізуде. Осы кезге дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен үлгілік базалық бағытта көзделген талаптарды орындауға арналған жиын өткізіліп, нақты тапсырмалар берілген.
Басты талап - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, қоғамда мүлдем төзбеушілік қағидатын енгізу.
Жұма күні облыс әкімдігінде сала басшыларының қатысуымен жиын өтіп, осы жылдың бағыт-бағдары айқындалып, ортақ мәселелер талқыланды.
Биылдан бастап үлгілік базалық бағытта көзделген жоспарларды орындау тек басқармаларға ғана емес, аудан әкімдіктеріне тікелей жүктелмек.
Отырыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Асылхан Ашиков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» бағытының маңыздылығына тоқталды.
Жиында сөз алған облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай жобалық басқарудың негізгі қағидаларды тізбектеп берді.
Жиын соңында аппарат басшысы Шахмардан Байманов үлгілік базалық бағыттың өңірінде орындалуы тұрақты бақылауда болатынын және мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары әрбір ұсынылатын ақпараттардың сапалы әрі өз мерзімінде орындалуына тікелей жауапты екенін айтып, бірқатар тапсырмалар берді.

07 қаңтар 2023 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 251
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031