» » Қызылордалық жас ғалым «SMART ботаникалық бақ» жасамақ

Қызылордалық жас ғалым «SMART ботаникалық бақ» жасамақ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге арналған ректор грантына конкурс ұйымдастырылды. Байқауға университет бойынша 22 жоба ұсынылып, оның ішінде 6 жас ғалымның жобасы үздік деп танылды.
Конкурс талабына сәйкес, білім ордасының 40 жасқа дейінгі ғалымдары мен 1, 2 курс докторанттары жаңа зерттеулерін ұсынды.
Айталық, жас ғалым, аға оқытушы Дархан Орынбеков заманауи Arduino технологиясымен «Smart ботаникалық бақ» жасақтамақ.
– «Smart ботаникалық бақ» – әлемдік және жергілікті бірегей флора туралы қазіргі заманғы деректерді қамтитын жоба.
Arduino – арнайы білімі жоқ, бірақ қызығушылығы жоғары қолданушыға арналған автоматика және робототехника салаларындағы әртүрлі электронды құрылғыларды жасауға арналған құрал. Arduino бөлшегі датчиктерден сигнал қабылдап, құрылғыларды басқара алады. Ол автономды режимде немесе компьютермен бірге жұмыс істейді.
Бақта өсімдік топырағына ылғалдылықты анықтайтын датчик қойылады. Сол датчик көрсеткіштері арқылы автоматты түрде суару қосылады. Өсімдіктердің суару жүйесі автоматтандырылған. 24 сағатта бір рет 10-15 минут суарылады. Ол өсімдіктің түріне де байланысты, – деді грант иегері Дархан Даниярұлы.
Университеттегі «Археология және этнография» орталығының ғылыми қызметкері, PhD Ислам Құрманиязов Ежелгі Асанас, Қышқала, Арал-асар ескерткіштерінен табылған остеологиялық материалдарды ғылыми талдау және аймақтық ортағасырлар кезеңіндегі жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін зерттеу жұмысын қолға алғалы отыр.
Сондай-ақ, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы Жарқынбек Әбікенов оңтүстік өңір тұрғындарының коммуникациялық мәдениетіндегі үдерістерді зерттеу жұмысымен айналыспақ. Ғалым Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстары мен Алматы, Шымкент қаласы тұрғындарының коммуникациялық дағдыларын басты назарға алуды жоспарлап отыр.

Гранттық жобаларды іріктеуде жоба тақырыбының маңыздылығына, ашықтығына, өзектелігіне ерекше басымдық берілді.
Қазақ халық педагогикасындағы дене шынықтыру дәстүрлерін терең зерттеп, студенттерді патриоттық тәрбиелеу жұмысы туралы PhD Талант Бимахановтың жобасы да конкурста қолдау тапты.
Ал, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ербол Бекіш XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақтың рухани және зайырлы интеллигенциясының ағартушылық-педагогикалық қызметін зерттемек.
Сондай-ақ, конкурс барысында тіл мәселесі де назардан тыс қалмады. Бастауыш, орта және жоғары мектеп мұғалімдеріне арналған психологиялық-педагогикалық терминдердің үш тілде глоссарийін әзірлеу жобасын ұсынған Жанна Ізтілеуова қолдауға ие болды.
Жобалары үздік деп танылған ғалымдар осы жылдың желтоқсан айына дейін зерттеу жүргізіп, республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарға мақалалар жариялайды. Оларға осы жұмыстарды жүргізу үшін жалпы қаржы көлемі 10 млн теңгелік сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, 2021 жылы жалпы қаржы көлемі 10 млн теңгелік 4 жоба университеттің грантын иеленген болатын. Жас ғалымдарға арналған бұл конкурс дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді.
Университеттің ғалымдарға деген қолдауы зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа жобалардың ашылуына жол ашпақ.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
медиа орталығы

06 қаңтар 2023 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031