» » «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022» жобалар байқауы аяқталды

«SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022» жобалар байқауы аяқталды

Облыста төртінші мәрте өткізілген «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022» атты IT жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Аталмыш сайысқа IT саласына қызығушылығы бар 270 жас қатысып, ерекше деп танылған 100-ге жуық жобаны таныстырды. Байқауда «Әзірлеу», «Модельдеу», «Медиа&Білім» атты үш бағытта іріктеу өткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла хабарлады.
- Байқаудың басты мақсаты – ерекше Start-Up жобалар мен IT саласына қызығушылығы бар нағыз таланттарды анықтау болып табылады. Сондай-ақ, «Smart city» концепциясы аясында ақпараттық технологиялар, инновациялық жобаларды және стартаптар саласына жастардың қызығушылығын арттыру және дамыту жұмыстары да басты назарымызда болды. «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022» шарасы облыс әкімінің қолдауымен, облыс әкімі аппаратының Ақпараттық технологиялар орталығының және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өтті. Кіл мықтылар мен ізденімпаз жастар жиналған шараға облысымыздың барлық аудандарынан қатысушылар келді. Олардың арасында ІТ үйірме оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері мен мұғалімдер де бар. Байқау қорытындысы бойынша әр секциядан 3 қатысушы жеңіске лайық деп танылып, қаржылай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 3 қатысушыға білім грантын табыстады. Алдағы уақытта «Pecha Kucha», «InnoFest» сынды IT жобалар фестивалін өткізу жоспарымызда бар, - деді Сәбит Ибадулла.
Брифинг барысында «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022» байқауына қатысушылар өздерінің жобаларын БАҚ өкілдеріне баяндап, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

28 қазан 2022 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930