» » Сәбит Ибадулла: Сайлауға қатысты тұрғындардың қолайлы ақпарат алуы үшін бірнеше сервис іске қосылды

Сәбит Ибадулла: Сайлауға қатысты тұрғындардың қолайлы ақпарат алуы үшін бірнеше сервис іске қосылды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің сайлауына қатысты цифрландыру бағытындағы дайындық шаралары қарқынды жүргізілуде. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла хабарлады.
«Сайлауға дауыс беру мақсатында тұрғындардың қолайлы ақпарат алуына жағдай жасау үшін бірнеше сервистер іске қосылды. Атап айтқанда, тұрғындар өздерін сайлаушылар тізімінен тексеру және бекітілген сайлау учаскесінің орналасқан жерін анықтау мақсатында «Өзіңді Сайлаушылар тізімінен тексер» ресми веб-сервисі жұмысын бастады. Бүгінде бұл сервиске 5 мыңға жуық өтінім түсті. Сондай-ақ, сервисте әрбір азамат өзінің жеке сәйкестендіру номерін енгізу арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгенін картадан онлайн көруіне мүмкіндігі бар. Екінші сервис - 3 қадам принципімен «@sailau_kzoBot» телеграм чат боты жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл чатқа 300-ге жуық сұраныс түскен», - дейді облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла.
Бөлім басшысының айтуынша, тұрғындар ұялы телефон арқылы «SMART QYZYLORDA» мобильді қосымшасын тегін жүктеп, онда ЖСН енгізу арқылы өз сайлау учаскесін анықтауға болады. 
«Келесі «109 бірыңғай байланыс call-орталығы» тәулік бойы азаматтардың кез келген сауалына жауап береді. Егер тұрғындар өздерінің сайлау учаскесін немесе ЖСН тіркелмегенін білген жағдайда аталған орталыққа хабарласу арқылы анықтай алады», - деді Сәбит Ибадулла.
20 қазан 2022 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930