» » 2020 жылдың соңында HUAWEI қазақстандықтарды жаңа өнімдерімен қуантады

2020 жылдың соңында HUAWEI қазақстандықтарды жаңа өнімдерімен қуантады

2020 жылдың соңына қарай Қазақстандағы HUAWEI Consumer Business Group өзінің сатып алушыларына жаңа өнімдерін ұсынады.

Хуавей

Инновациялық өнімдердің бірі ретінде қуатты батареясымен және үлкен экранымен мақтана алатын Huawei P Smart 2021 смартфоны ұсынылады. HUAWEI P smart 2021 құрылғысы қуаттылығы 22,5 Вт тең HUAWEI SuperCharge технологиясымен жабдықталған. Екі сағат бойы бейнежазба көру үшін он минут қана қуаттау жеткілікті, смартфонды тура үйден шығар алдында немесе қысқа үзіліс кезінде қуаттап алуға болады. Ал сыйымдылығы 5000 мА*с тең батареясының арқасында HUAWEI P smart 2021 бейнежазба көру режимінде 23 сағат бойы қуаттауды қажет етпей жұмыс істеуге қабілетті. Смартфон экранының диагоналі 6,67 дюймге, ал ажыратымдылығы 2400×1080 пиксельге тең. TÜV Rheinland сертификаттаған көзді қорғау режимі жарық спектрінің көгілдір түсін сүзгілеп, ұзақ уақыт бойы оқығанда және веб-серфинг кезінде көзге түсетін салмақты азайтады. Жаңа HUAWEI P smart 2021 Қазақстанда қара және ашық жасыл түсте қолжетімді болады, ал 28 желтоқсаннан бастап смартфон бүкіл ірі электронды техника дүкендерінде сатыла бастайды. Құрылғының 4 ГБ+128 ГБ конфигурациясындағы бөлшек сауда бағасы 119 990 теңге болады.

Хуавей

AMD Ryzen™ 5 4500U негізінде құрылған жаңа буын процессорларымен жабдықталған D14 және D15 сериялы HUAWEI Matebook ноутбуктары Қазақстанда алғаш рет ұсынылатын болады. Ноутбуктар жиегі жіңішке экранымен, алюминий корпусымен, ұзақ уақыт бойы автономды жұмыс істеу қабілетімен, ықшамдылығымен және жеке деректерді қорғау үшін кіріктірілген арнайы функциясымен ерекшеленеді. Ноутбуктардың пернетақталарына енгізілген HD камера, қуат көзі түймесіне кіріктіріліп орнатылған саусақ ізінің сканері және құрылғыларды сымсыз қосып, телефонды ноутбук арқылы басқару мүмкіндігін беретін Huawei Share функциясы Huawei ноутбуктарының ең басты ерекшеліктеріне жатады. Жаңа құрылғыларға 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап алдын ала тапсырыс беруге болады, MateBook D 14 ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 319 990 теңгеге және MateBook D 15 ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 349 990 теңгеге тең.


20 желтоқсан 2020 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031