» » Жаңа жылға тілек

Жаңа жылға тілек

qarmaqshy-tany.kz 
Қар жауса аппақ, шағылып күнге жаңа нұр,
Көтеріп еңсе, сілкінді бір сәт дала дүр.
Көгілдір шырша көмкерген сәнді алаңға
Хош келдің халқым, құтты болсын Жаңа жыл!


Шапағаты шарпып өтсін жарқырап,
Жарқылдап жастар еңбек етсе жанын сап.
Елдігін елдің, ерлігін ердің жыр қылып,
Сырт ағайын сөз қылып жүр таңырқап.

«Барыс» жылы табысты биыл өткесін,
Өткен жылға айта алмас ешкім өкпесін.
Жыл атауы қорқатын «қоян» қамыстан,
Қорықпайды, сабырдың суын сепкесін.

Бұл азамат, елдіктің нағыз дәлелі,
Ағайын-туыс, түзу болсын сәлемі.
"Ел-жұртым" дейтін азаматтарға мың алғыс,
Еліме Алла жолата көрме пәлені.

Жанар таудай жалында жас легім,
Жаңа жылмен жарқырап күл, жыр – елім.
Бейбіт өмір тыныштықты ала кел,
Жаңа жылға менің осы тілегім!


Үрліхан ӨНДІБАЕВА,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі,
Тұрмағамбет ауылы
05 қаңтар 2023 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031