» » Қуанса балалар қуансын!

Қуанса балалар қуансын!

qarmaqshy-tany.kz Бүгін ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті.
Мерекелік шараға 70 оқушы қатысты.

Балалардың қуанышына ортақтасқан ауыл әкімі Нұрлыбек Сайымов жиылған жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, түрлі сайыстарда облыс, аудан мерейін үстем етіп жүрген балаларға алғыс хатпен ойыншықтар табыс етті.

Жасыл шырша жанына жиналған балалар Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салса, "Демеу" қорының төрайымы Асем Мерекова ның және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен келген ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті.

Сондай ақ, ауыл әкімі Нұрлыбек Сайымов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаров, "Демеу" қорының төрайымы Асем Мерекова және аудандық жастар ресурстық орталығының мүшелері ауылдық округтегі үйден оқытылатын ерекше туылған және көп балалы отбасылардың шаңырақтарына арнайы барып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

31 желтоқсан 2022 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031