» » МӘМС туралы өзекті сұрақтарға жауаптар

МӘМС туралы өзекті сұрақтарға жауаптар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына қызылордалықтардан сұрақтар түсуде. Бірқатар өзекті мәселелерге ӘМСҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.
БЖТ төлеушілер айдың алғашқы күндері медициналық сақтандыруды төлеуі міндетті ме?  
Салық кодексінің 774 бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төленген кезеңнің соңғы күніне дейін қолданылады. Бұл дегеніміз, егер сіз 2022 жылдың желтоқсан айында төлем жасаған болсаңыз, онда 1 қаңтарда сіздің мәртебеңіз САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН болып өзгереді. МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін БЖТ төлеушілерге өз төлемдерін алдын ала жасауға кеңес береміз.  
Мен Армения азаматымын, қазір Қазақстанда тұрып, жұмыс істеймін. Жұмыс беруші маған барлық міндетті төлемдерді төлейді. Мен МӘМС медициналық қызметтерін пайдалана аламын ба?
Еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері, ЕАЭО шартына қатысушы, яғни Ресей, Белоруссия, Қырғызстан және Армения елдерінің азаматтары, МӘМС қатысушылары болып табылады және медициналық қызметтерді ала алады. Бұл үшін МӘМС жарналарының тұрақты төлеушісі болуыңыз керек және емханаға тіркелу қажет. Емханаға алғашқы медициналық-санитарлық көмекке (МСАК) ерікті медициналық сақтандыру шарты (ЕМС) болған кезде ғана тіркелуге болады.                                                                                                                               МСАК-қа тіркелу ЕМС шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады.
Дербес төлеушілер МӘМС жарналарын өз бетінше қалай төлеуге болады?
Дербес төлеушілер ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарна төлейді. 2022 жылы бұл сома   3 000 теңге, 2023 ж. - 3 500 теңгені құрайды. Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеудің екі балама әдісі бар:
  • МӘМС жарналарын ай сайын төлеңіз. Бұл ретте, егер пациенттің алдыңғы 12 ай үшін берешегі болса, оны өтеу қажет.
  • Келесі 12 ай үшін жарналарды төлеңіз (ағымдағы күннен бастап). Бұл жағдайда, егер қарыз болса, оны өтеудің қажеті жоқ.
Жарналарды кез келген банкте, олардың мобильді қосымшаларында және интернет сервистерінде, "Қазпошта" АҚ және төлем терминалдарында төлеуге болады. Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған деректемелер:
шот KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161
БСК GCVPKZ2A 
Төлемдерді тағайындау коды-122
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
27 желтоқсан 2022 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031