» » Ғылыми - тәжірибелік конференция болып өтті

Ғылыми - тәжірибелік конференция болып өтті

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» бірлесе отырып техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!..» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің Тг-21/9 оқу тобының ІІ курс студенті Жанықұлова Индира (жетекшісі А.Джумагалиева) қатысты және «Абайдың ақындық даналығы» тақырыбында баяндама жасады.
Колледжіміздің ІII курс студенті И.Жанықұлованың қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мұрасын кеңінен насихаттау барысында жасаған жұмысы жоғары деп танылып, жүлделі ІІІ орынды иеленді және облыстық білім басқарма басшысының ІІІ Дәрежелі дипломымен марапатталды.
Конференцияда құнды баяндама жасап, ІІI орын иленген студентіміз И.Жанықұлова мен жетекшілік жасаған қазақ тілі жіне әдебиет пәні оқытушысы А.Джумагалиеваға шығармашылық табыс тілейміз, жеңістерің құтты болсын!
23 желтоқсан 2022 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 315
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 844

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930