» » «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы

«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы көлемінде атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ, қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеріп, ұстау және сақтау талаптарын орындауын тексеру мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 19-23 күндері аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 19-і күні Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы және табиғатты қорғау инспекторы тарапынан рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылының шығыс беткейінде «Ақшатау» деп аталатын жерде Қармақшы ауданының тұрғынынан ІІО-да тіркелмеген 1 дана аңшы мылтығы алынды.
Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, аудандық сотқа жолдануда. Алдағы уақытта, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ!

Қармақшы ауданы Полиция бөлімі
Әкімшілік полиция бөлімшесі

20 желтоқсан 2022 ж. 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 099
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 308

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031