» » Рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Рейдтік іс-шаралар жүргізілді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қараша айының 25-і желтоқсан айының 5-і аралығында қадағалау аумағы бойынша көлік құралдарының жол жүру ережесі қағидаларының сақталу барысына патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен бірлескен түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде сот қаулыларымен белгілі бір мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 тұлғаның заңсыз қайта көлік құралын басқарып жүргендегі анықталды. Бұл азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін соттың қарауына жолданылды. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау қорытындысымен 2 азаматты аталған баппен кінәлі деп танып, құқық бұзушыларға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, 1 азаматқа 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Қармақшы ауданы Полиция бөлімі
Әкімшілік полиция бөлімшесі

13 желтоқсан 2022 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 099
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 308

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031