» » «Inno.fest» qyzylorda: идеялар байқауына 1700 жас ниет білдірді

«Inno.fest» qyzylorda: идеялар байқауына 1700 жас ниет білдірді


Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен аймақта екікүндік «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі бастау алды.
Биыл екінші рет өткізілген идеялар байқауы «SmartСity», «Контент&Медиа», «Кино&Видео» бағыттарын қамтыды. Әр бағыт бойынша қатысушылар 24 сағат ішінде инновациялық жобаларды жасап қорғайды.

Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, жыл сайын байқауға ынта білдірген жастардың, оның ішінде ауыл жастарының белсенділігі жоғары екенін тілге тиек етті.

Фестивальге елордадан шақырылған спикелер өз бағыттары бойынша жастармен ұжымдық жұмыс жүргізіп, кейстермен бөлісті.
Жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды.
Ертең байқауға қатысушылар жобаларын қорғайды. Қазылар алқасы үздік жобаларды анықтап, жүлдемен марапатталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 желтоқсан 2022 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 967
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930