» » Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

qarmaqshy-tany.kz Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің мәжіліс залында, бөлім бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі А.Амирбековтің төрағалығымен, Жосалы кентінің ардагерлер кеңесі мүшелерімен, Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, Жосалы кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев сөз сөйлеп, аудан көлемінде құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау, сондай-ақ, бей-берекет иесіз жүрген малдардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша, Жосалы кентінде орналасқан бейнебақылаулардың тиімділігі талқыланып, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жұмыстар бойынша басым бағыттар белгіленді. Ардагерлер өз кезегінде кенттегі құқық бұзушылық профилактикасы бойынша бірлесіп жұмыс атқаруға, сондай-ақ, полиция бөлімімен қандай да бір мәселелер бойынша көмектесуге әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.

Қармақшы ауданы Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

15 желтоқсан 2022 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031