» » Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған шағын футболдан жарыс өтті

Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған шағын футболдан жарыс өтті

qarmaqshy-tany.kz Үстіміздегі жылдың 9-10 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына және Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында 2008-2009 ж.т жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық ашық турнир өткізілді.

Аудандық ашық біріншілікке Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы мен Қармақшы ауданының жалпы білім беретін мектептерінен құралған спортшылар қатысқан салтанатты шарада аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов сөз алды.
-Қазақстан өз Тәуелсіздігінің жылдары ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарында. Өзге елдермен салыстырғанда терезесі тең дәрежеге жетіп, ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің Туын көкке көтерді. Бүгінгі күнде 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзінің даму жолын таңдады. Бүгінгі спорттық шараның да негізгі мақсаты ел тәуелсіздігінің 31 жылдығы мен желтоқсаншы құрбан жандардың рухына арналған еді - дей келе аудан бойынша спорттық жетістіктер мен сала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар легін тілге тиек етіп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Спорттық шараға 11 команда 110-ға жуық спортшы қатысып, екі күндік тартысты кездесуде жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және демеушілердің медалдары мен сыйлықтарына ие болды.

Ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Шара соңы осынау қазақ халқының тарихындағы ерекше оқиғаны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу жолында желтоқсанда құрбан болған жастардың рухына арнап ас беріліп,құран бағышталуымен жалғасты.

15 желтоқсан 2022 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 143
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 788

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031