» » «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына орай ашық есік күні жариялануда

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына орай ашық есік күні жариялануда

qarmaqshy-tany.kz 2022 жылдың 05 желтосқан күні Қармақшы АПб-нің ғимаратында Қармақшы ауданы көлемінде өтіп жатқан «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акциясына байланысты аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерінің ұйымдастыруымен ашық есік күні жариялануда.
Бұл күні науқанға байланысты әйелдерге қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың арасында ақпараттық білім беру, құқықтық түсіндіру бойынша қыз-келіншектерге қабылдау жүргізіп, оларға құқықтық консультативтік көмек беруде.
Сонымен қатар, ішкі істер бөлімдеріне күнделікті тіркелетін арыз-шағымдардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатыстылар да аз еместігі анық. Аудандық полиция бөліміне акция кезінде АЕК-на 2022 жылдың желтоқсан айының 04-күні «102» арнасына оқиғалар мен хабарламалар жинағы тіркелген болатын. Атап айтқанда, жәбір көрген жергілікті тұрғындардың бірі Жосалы кентінің тұрғыны «З.Г.» деген азаматша АПб-не заңды некеде жоқ жолдасы себепсізден-себепсіз тиісіп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, психикалық залал келтіріп құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны жөнінде хабарлап, полицияның көмегіне жұгінген. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңына сәйкес жолдасына қатысты қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғау нұсқамасы шығарылды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастардың алдын алу аясында әйелге өз құқықтарын қорғау бойынша психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.
Жалпы аудан бойынша акция аясында ашық есік күніне байланысты тұрғындар арасында құқықтық салауаттылықты дамыту бойынша іс-шараны өткізу кезінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы түсіндірілді.
Жұбайлар тең құқылы және бірдей жауапкершілікке ие. Егер де Сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болсаңыз үнсіз қалмаңыз! Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез-келген нөмірден тегін жұмыс жасайды.
Сенім телефоны: «102» арнасы, 8-778-283-09-54.

Қармақшы аудандық Полиця бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы

05 желтоқсан 2022 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 241

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 344

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930