» » Қамданған қапы қалмайды

Қамданған қапы қалмайды

qarmaqshy-tany.kz Аудандық No10 өрт сөндіру бөлімінің осы жылға арналған арнайы тактикалық дайындығы жоспарына сәйкес қараша айында Жосалы кентіндегі М.Мәметова көшесі, No25 мекенжайда орналасқан О.Шораяқұлы атындағы No30 орта мектеп ғимаратында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Оқу жаттығудың негізгі мақсаты – халықты құтқару, эвакуациялау және білім беру ғимараттарында өрттерді сөндіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеу. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында имитацияланған өртті жою және адамдарды ғимараттан қауіпсіз аумаққа эвакуациялау, өрт сөндірушілердің шапшаңдығын арттыру, ғимаратпен танысу жұмыстары жүргізілді. Оқу жаттығуға өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 18 қызметкер, аудандық төтенше жағдай бөлімінен 2 қызметкер, аудандық полиция бөлімі 2 техника мен 10 қызметкер, аудандық электр тарату торабынан 1 техника мен 2 қызметкер, жедел жәрдем бөлімінен 1 техника мен 4 қызметкер, Қызылорда газ тарату жүйесінен 1 техника мен 4 қызметкер қатысты.
Мұндай іс-шаралар ауданның барлық мектебінде және ірі ғимараттарында жыл сайын өткізіледі. Аудан тұрғындарынан тұрмыстағы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларын сұраймыз. Өрт орын алған жағдайда дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарласыңыздар.
Аудандық No10 өрт сөндіру бөлімі
03 желтоқсан 2022 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 142
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 788

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031