Дені сау ұлт – ел болашағы
qarmaqshy-tany.kz "Үш күндігін" ойлайтын, болашаққа сара жол салатын,жас буынға тура жол сілтейтін ұстаздар мен алдымыздғы аға буын өкілдері.
Әр бала өз бақытын келешектен күтпей,елеңдемей, бүгіннен бастап өзі "жасап" алуы керек. Тек оларға дұрыс "Бағдаршам" керек. Бұл өз болашағың өз қолыңда деген сөз.
Денсаулық – зор байлық деп жатамыз. Сол байлықты сіз сезінесіз бе?
Енді сол денсаулықты ақша деп елестетіңіз,қайда жұмсар едіңіз?!
Міне,осы жерде сәл тосылып қаларыңыз сөзсіз.
Бұл сіздің болашаққа деген жоспарыңыздың әлі де нақтыланбағандығын көрсетеді.
Сол үшін бүгін қолыңызда бар байлықты,бақытты қадірлей біліңіздер,достар!
Денсаулық тақырыбында көп нәрсені қамтуға болады. Соның бірі АИТВ/ЖИТС дертінен сақтану. Осы бағытта ауданымызда "Теңдік уақыты" ұранымен " 1-желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күрес және ЖИТС құрбандарын еске алу күні" атты акция жалғасуда. Акцияға сәйкес 183-салауатты орта мектебінің 8-сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Барлығы АИТВ/ЖИТС туралы" атты тәрбие сағаты өтті. Бұл шараға аудандық Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығы мен аудандық емхананың психологы Әмина Тахирқызы Кетебаева шақырылып, маманның тақырып төңірегіндегі түсіндірме жұмыстары жасалды. Бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп,тақырыпқа сай бүктемелер таратылды. Оқушылар бұндай дерттің жұғу жолдарымен,сақтану жолдарымен,қазіргі елді алаңдатып отырған көрсеткіштерімен танысып,ақпараттанды. Өз ойларындағы сұрақтарын қойып,біраз мағлұматтар алды.
"Сақтансаң,сақтаймын!" демекші,не нәрсенің де алдын алған тиімді!
"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!"
Оқы,тыңда,біл,ізден,әрекет ет!