» » «Зорлық-зомбылықсыз 16-күн" акциясы аясындағы кездесу

«Зорлық-зомбылықсыз 16-күн" акциясы аясындағы кездесу

qarmaqshy-tany.kz Елімізде зорлық-зомбылықтың алдын алудың жолдары,бағдарламалары іске асырылуда. Соның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан да туындайды.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 25 қараша – 10 желтоқсан аралығындағы өтіп жатқан «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Қармақшы ауданы Төребай би елді-мекеніндегі №199 мектептің 5-11 сынып оқушылары арасында және ата-аналарымен отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, және жалпы отбасындағы тәрбие мен құндылықтар, АИТВ/ЖИТС туралы ұғым бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық кеңестер, психологиялық кеңестер берілді.
Кездесуге: аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің Әйелдерді қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Г.Исмайлова және аудандық емхананың, «Жастар денсаулық орталығының» психологы Әмина Кетебаева қатысты. Іс-шара барысында мамандар өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ойларын ортаға салып, соңында мектеп оқушыларымен кері байланыс орнады. Оқушылар кездесу қонақтарына ойларындағы толғандырып жүрген маңызды сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Ата-аналармен өткен кездесу барысы қызу пікірталаспен басталып, ата-аналар тарапы қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесі,бала құқығы жайлы өз ойларын ортаға салды. Психологтың пайдалы кеңестеріне құлақ түріп,тренинг жасалынды. Баланы ұрмай-соқпай,жекімей,саналы түрде түіністікпен тәрбиелеудің оңтайлы уақыты, жауапкершілікті сезіну, сезіндіру - заман талабы. Ата-аналар маңызды мағлұматтары үшін сала мамандарына алғыстарын білдіріп,кеңестері үшін ризашылық айтып, естелік суретке түсіп,шығарып салды.
Бала тәрбиесі, жасөспірімдер құқығы айтылатын жерде отбасы құндылығы мен ата-ана құқығы да қатар жүрері сөзсіз. Осы тұста ата-аналарға арналған құқықтық ақпараттық жадынамалар таратылды. Тақырыпқа сай бейнероликтер мен слайдтар корсетілді.
Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмірді қалыптастыру - әр адамның қалауы болуы құптарлық іс.
Бала тәрбиесінде ағаттық жібермеуге тырысайық, ата-аналар!
"Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетер заяға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!" деп хәкім Абай айтқандай,бәріміз жастар алдында жол сілтеуші,бағыт беруші,ұстаз екенінімзді сезінейік!
Тәрбие - тал бесіктен.
Ертеңгі ұрпақ - біздің жемісіміз
30 қараша 2022 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930