Құрылтай
» » Ауылға тұрақты көңіл бөлінеді

Ауылға тұрақты көңіл бөлінеді

qarmaqshy-tany.kz Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде халық алдында ант берді. Ел Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысуға мүмкіндік алып, салтанатты жиынның ортасынан табылдым. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарын айқындайтын, халықтың әл-ауқатын арттыратын міндеттер көзделді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең бірінші Жарлығын ауылдың дамуына арнауын жақсы нышан деп қабылдаймын. Халықтың тең жартысынан жуығы ауылдық жерде тұратынын, ал қала тұрғындарының көпшілігі ауылмен тығыз байланысты. Еліміз үшін ауыл, шынымен де ерекше маңызға ие. Егер оның келбетін өзгерту, ауылдағы өмір стандарттарын қазіргі өркениет нормаларына жақындату мүмкін болып жатса, бұл елеулі жетістікке айналады. Ондайда келесі қадам аграрлық секторға жоғары технологиялық кадрларды тарту, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және елімізді азық-түліктің ірі экспорттаушыларының біріне айналдыру болмақ.
Алла қаласа, алдағы жеті жыл оң өзгерістерге толы болмақ. Халықтың жағдайы жақсарып, еліміздің дамып, көркейетініне сенім мол.
Нұрлан ІЗДІБАЕВ,
"Ақтөбе и К" ЖШС директоры
29 қараша 2022 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 674
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31