» » Мықты мемлекеттің іргетасы – бірлікте

Мықты мемлекеттің іргетасы – бірлікте

qarmaqshy-tany.kz «Әділетті Қазақстан» құру бағытын қалыптастырған Қасым-Жомарт Тоқаев екінші рет Президенттікке сайланып, ел тізгінін қолына алды. Сенбіде Ақорданың төрінде инаугу- рация рәсімі өтіп, Мемлекет басшылығына кіріскен Қасым- Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына ант берді.
Салтанатты іс-шараға еліміздің солтүстігі мен оңтүстігі, шығысы мен батысынан делегациялар, депутаттар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сыр өңірінен ел алдында жүрген ардагер ағаларымыз, әпкелеріміз, әр ауданның мәслихат және «AMANAT» партиясының атқарушы хатшылары осы салтанатты жиынның куәсі болып қайттық. Президентіміздің ант қабылдау рәсімін көзбен көру мен үшін ерекше сезім, үлкен қуаныш десем қателеспеймін. Себебі мұндай сәт екінің біріне бұйыра бермесі анық.
Инаугурациядан кейін Президентіміз Қ.Тоқаев арқаны кеңге салмай бірден іске кірісу керек екенін айтып, елде қолға алар мәселелердің біріне тоқталды. Ол – ауылды өркендету, тұрмыс-тіршілігін қаладан кем қылмау. Себебі елдегі халықтың 40 пайызы ауылмен кіндігі байланған. Сол үшін ауылды дамыту мәселесі туралы бірінші Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Сондай-ақ Үкіметке нақты жоспарды әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының жасап жатқан жаңа бағдарламарын, жаңалықтарын елге алып келіп, әрі қарай соның іске асуына жұмыс жасау міндетіміз болып саналады. Біз мықты болсақ, мемлекетіміз де мықты болады.
Әділ ҚОШАЛАҚОВ,
аудандық мәслихат хатшысы
29 қараша 2022 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 199
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031