Жолшының мақсаты – жолды күтіп ұстау
qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқының әлеуетін арттыру, ел экономикасын нығайту мақсатындағы жыл сайынғы Жолдауында айқындалған басымдықтардың бірі – авто- жол салу және оның сапасына көңіл бөліп, оны іске асыру. Осы ретте президентіміздің тапсырмаларын орындауда Үкімет тарапынан да түрлі бағдарлама жүзеге асырылуда. Көлік тасымалын дамыту арқылы ел экономикасы өркендейді. Сондықтан сапалы автожол салу – еліміздегі көлік тасымалы үшін өте маңызды іс.
Ал Қазақстан Республикaсы, оның ішінде біздің облыс аумағынaн өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі Қазaқстан туризмі үшін маңызы зор. Ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына енген Қожa Ахмет Ясауи кесенесі және басқа да кешендер еліміздің тарихи-мәдени нысанын дамытуға орасан үлесін қосуда. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі сол тас жол бойында орналасқан аймaқтардағы көне мәдени мұралaрымызға туристер қызығушылығын арттырып, оларды қабылдaу және магистрaль бойында орналасқан елді мекендердің дамуы еліміз үшін тиімді. Бұл тас жолының елімізге оң әсері көп болды. Нақтысын айтқанда, инфрaқұрылым дамып, тарих қойнауындағы сaуда жолдары жaңа кейіпке енуде.
Сонымен қатар, «Бaтыс Еуропa-Батыс Қытaй» авто дәлізі бойында жолаушылaрға қызмет көрсету де ерекше қaрқынмен дамуда. Күре жол бойында жол бекеттері, aсхана, қонaқжай, көлік жөндеу стансалары ашылып, халықты жұмыспен қамтыды. Жолды өз деңгейінде күтіп ұстау үшін арнaйы «Қазақавтожол» мекемесі құрылды. Осындай қызметтік мекеменің бөлімшелері ауданымызда да ашылып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто дәлізі бойында өзіне міндеттелген аумақты күтіп ұстауда мінсіз қызмет көрсетуде.
Білікті сала маманы, учаске басшысы Ғани Айтұрсынов басқаратын «Қазақавтожол» ЖШС Қызылорда облыстық филиалына қарасты Қармақшы ауданы No56 жол жөндеу бөлімшесінде бірнеше көлік жүр- гізуші, механизатор және кеңсе қызметкерлерімен бірге құрамында 7 жұмысшысы бар. Аталмыш мекеме Жалағаш пен Қазалы ауданы шека- расына дейінгі No10702-No1563 М-32 қашықтығын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді.
Осы ретте, учаске басшысы Ғани Айтұрсыновтан өзі басқаратын мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстыруды сұрағанымызда ол:
– Жылдың төрт мезгілі де біздің жолшылар үшін ауыр кезең. Қаһарлы қыстың аязында, көктемнің батпаққа толы, шіліңгір шілденің аптапты ыстығында, күздің жаңбырлы күндерінде мамандарымыз өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, аудан аумағынан өтіп жатқан үлкен тас жол бойында көлік қозғалысын күтіп ұстауда аянбай еңбек етуде. Бұл біздің ғана емес, халқымыздың абыройы. Жолшының басты міндеті өзіне сеніп тапсырылған тас жол бойын күтіп ұстау. Десе де, кейде біздің жігіттер үлкен тас жол бойына күнделікті міндетін атқаруға жұмысқа шыққанда түрлі келеңсіз жағдайға тап болады. Ондай кезде олар міндетті түрде көмегін беріп, жүргізушілер тарапынан алғысын алып жатады. Біз алыс жолға шыққан әрбір көлік жүргізушісінен алған алғысты үлкен марапат деп қабылдаймыз. Кейде сөйлеп те кетеді (күле қарап). Әрине біздер ондай жағдайға мойынсынбай, өз міндетімізді атқарамыз. Тіпті жол жүру кезінде табиғаттың келеңсіз жағдайына тап болған жүргізушілерге қолдан келген көмегімізді де беріп жатамыз, бұл міндет емес, бірақ азаматтық парызы есептейді біздің жігіттер, – деді.
Осы кезде әңгімемізге ортақтасқан аталмыш жол пайдалану учаскесінің жол шебері Ғалымжан Ахметов сөз алып:
– Біз күнде ерте азанмен қызметтік құрал-жабдығымызды алып, үлкен тас жолға шығамыз. Кейде түнделетіп те жүреміз. Өйткені, табиғат бірде былай, бірде олай құбылады. Жаңбыр жауып, шық түседі. Жолға егесіз мал шығып кетіп апаттық оқиға жасайды. Оны жолдан алып тастау керек дегендей жұмыстарды атқарамыз. Қыс мезгілінде тайғақта да біз жолдамыз Тайғаққа қарсы материал себеміз, нақтысын айтқанда тайғаққа арналған тұз. Сонымен қатар, қар, қоқыс тазалау, жол жиегіндегі арам шөптерді шабу, мал өлекселерін алып тастау да міндетіміз. Демалыс күндері де кезекшілік ұйымдастырамыз.Тіпті кейде алыс жолға шыққан көлік жүргізушілері діттеген жеріне жедел жету кезінде көзі ілініп кетіп, жол жиегіне шығып кететін кездер де болады. Осындай кезде көмегімізді көрсетеміз. Осының бәріне мекемедегі жұмысшы-механизаторлар қатысады. Оның ішінде өздерінің өнегелі істерімен өзгелерге үлгі болып жүрген аға буын ағаларымыз, атап айтқанда Марат Әлдешов, Мұрат Сыржанов, Асылхан Әбіласанов, грейдерші Рысдәулет Киізғапов, жүргізушілер Самұрат Жылқыбаев пен Руслан Жағалов және механизатор Серік Әбжановтың ерен еңбегін атап өтуге болады, – деді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ