Құрылтай
» » Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі қызметкерлері Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойында төрт түлік малдардың иесіз немесе бақташысыз жүру салдарынан жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстарды ұйымдастырды. Рейдтік шарада аудандық әкімдік, ветеринария қызметкерлері, «ҚазАвтожол» АҚ қызметкерлері жұмылдырылып, автокөлік жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, сақтық шараларын қабылдауға шақырды.
Сонымен қатар, Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық маңызы бар транзиттік дәлізінің бойында иесіз жайылып жүрген үй жануарларды тас жолдан шығару жұмыстары атқарылды. Ветеринар маман жануарлардың иесін анықтау шараларын атқаруда.
Сонымен қатар, үлкен тас жолдың бойындағы автокөліктерге тоқтауға арналған аялдамалардың тазалығы бойынша ауыр жүк автокөліктерінің жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

11 қыркүйек 2022 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31