» » Алдан күтер үміт мол

Алдан күтер үміт мол

qarmaqshy-tany.kz Өткен жексенбі еліміз үшін тарихи күн болды. Себебі кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Ел тізгінін алдағы жеті жылда кім ұстайды? Елдің дамуы да соған сәйкес болады. Мен де өз қалауымдағы кандидатқа тәуелсіз елімнің келешегі үшін, оның жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Аудан ардагерлері де сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлауға келіп, дауыс беру – әр адамның азаматтық борышы.

Ал президенттік науқан елдің болашағына қатысты нақты көзқарасы мен жоспары бар күшті көшбасшыны әділетті таңдаумен аяқталды. Қазақстандықтар өздерінің басымдықтарын айқындап, алдағы жеті жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірге болуға дайын екен діктерін нақты белгіледі.
Ертеңіне үмітпен қарау – адамға тән абзал қасиеттердің бірі. Ел бас қарған азаматтардың әрбір сөзінен жақсы жаңалық күтетініміз де содан. Ел қашанда қол бастайтын көсемге, сөз бастайтын шешенге үміт артады. Қазір де сол. Бүгінгідей әлемде геосаяси ахуал ушыққан заманда мемлекетіміздің маңызды саяси жаңалығынан ешкім сырттап қалғысы келмейді. Бізге жан-жақтан анталаған көздер көп, солар айтқан сөздерге құлақ түретіндері де бар. Десек те, өзгелер үшін емес, өзіміз үшін, өз еліміздің келешегі үшін сайлауға біркісідей атсалыса білдік. Әрбір істі осындай ауызбіршілікпен атқара білсек, мерейіміздің үстем болары сөзсіз.
Асқар МЕРЕКОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
22 қараша 2022 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031