» » Тарихтың жаңа парағы ашылды

Тарихтың жаңа парағы ашылды

qarmaqshy-tany.kz Биылғы ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаның бірі – кезектен тыс Президент сайлауы. Өткен жексенбі еліміз үшін тарихтың жаңа парағы ашылған күн болды. Қазақ елі болашағын сеніп тапсырар тұлғасын таңдады. Тілшілік тіршілігімізбен таңғы 06.45-те кент орталығындағы No97 сайлау учаскесінен табылдық. «Дауыс беру – біздің борышымыз» деп санаған қармақшылықтар сайлау учаскесіне уақытынан ерте келіп алған. Барлығының айтары бір. «Президент сайлауы – тарихта қалатын күн. Ел азаматы ретінде сайлауда таңдау жасау – жауапты міндет. Бәріміз Қазақстанның дамып, өркендеп, биік шыңдардан көрінуін қалаймыз» дейді олар. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жергілікті уақытпен 07.00-де бастау алды. Барлық сайлау учаскесінде Әнұран орындалып, саяси науқан салтанатты түрде ашылды. Жиналған жұртшылық сайлау комиссиясының алдына тізілді. Осылайша тұрғындар Президенттікке үміткердің біріне ел тізгінін сеніп тапсырды.
No105 мектеп-лицейінде орналасқан No98 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындарға сол сайлау учаскесінің төрағасы Гүлзира Еркебаева аса ілтипатпен қарсы алып, әр сайлаушыға құрмет көрсетті.
– Біздің сайлау учаскесіне дауыс беруге алғашқы болып келген Ұлмекен Ақшолақова апайымызға қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасадық. Учаскемізге қарасты 31 көше бойынша 2444 тұрғын бар. Сонымен қатар, 27 мүмкіндігі шектеулі жан тіркеуде тұрады. Тұрғындар сайлауға белсене атсалысты. Тіпті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ағамыз өз үміткеріне дауыс беріп, таңдауын жасады. Сайлауға қатысып отырған комиссия мүшелеріне, байқаушыларға ағалық батасын беріп кетті, – деді Гүлзира Еркебаева.
Сонымен қатар, Гүлжаһан Мұнарбаева басшылық ететін No250 мектеп-лицейде орналасқан No99 сайлау учаскесінде де сол аймақта тұратын тұрғындар сайлауға белсенділікпен қатысты.
– Кенттің осы аймағындағы тұрғындарды қамтып отырған No99 сайлау учаскесінде Қазақстан Рес публикасы Президенттігінен үміт керлерге дауыс беру сайлауына жер лестеріміздің қатысуы жоғары. Жас тармен бірге қарт сайлаушылар да еліміз үшін жауапкершілігі мол шараға ұйымшылдық танытты. Атап айтар болсақ, кент тұрғыны, ақжаулықты анамыз Патима Байдүйсенова да өз таңдауын жасап, аналық ақ тілегін арнады. Сайлау барысында біз 100-ші сайлаушыға құрмет көрсеттік. Сонымен қатар алғашқы рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған жас сайлаушы Айдана Бодықоваға да пейілімізді білдіріп, сый-сияпат жасадық. Тіпті отбасымен бірге келіп дауыс бергендер де бар. Атап айтар болсақ, Райымбаевтар отбасы. Енді бір қызығы – сайлау өтіп жатқанда оған келушілер мектеп үстінде домалақ шеңбер құрып ұшып жүрген кептерлерді көріп, алдағы уақытта ел-жұртымыз үшін керемет бақытты күндер туады деп топшылап қойды. Сайлаушылар мектептің қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, ризашылықтарын білдірді, – деді ол. Ал Бауыржан Дүйсенбаев бас қаратын О.Шораяқұлы атындағы No30 орта мектепте орналасқан No100-ші сайлау учаскесінде де сол аймақта тіркелген сайлаушылар аталмыш шараға жауапкершілікпен қатысып, президенттікке үміткерге өздерінің дауысын беріп, таңдауын жасады. «Сайлау есігін бірінші болып ашқан кент тұрғыны Ерлан Бекеевке, сонымен бірге көшпелі сайлау жәшігімізді алып 98 жастағы ақжаулықты анамыз Райхан Оспанованың отбасына барып, анамыздың таңдау жасауына қолдау көрсеттік. Сондай-ақ біздің сайлау учаскесіне аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов келіп, өз үміткеріне дауыс берді. Тағы бір айта кетерлік жайт, сайлау учаскесінде сайлаушыларға дауыс беруге барлық жағдай жасалды. Егде жастағы сайлаушылардың баталарын алдық» дейді сайлау учаскесінің төрағасы Жұлдыз Әбділова.
Міне, аудан тұрғындарының жоғары жауапкершілігінің арқасында сайлау барлық елді мекендерде өтіп, сайлаушылар ел президенттігіне үміт керлерге өз таңдауларын жасады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы инватакси ұйымдастырылды.
Бұл күні аға толқын өкілдері де, жастар да асқан ұйымшылдық танытты. Дауыс беруге тұрғындар ұжым болып жиналып, көрші болып бірлесіп, отбасы болып та бірге келді. Әлбетте, барша азаматтар тәуелсіз мемлекеттің әрі қарай өсіп-өркендеп, еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің баянды болуын қалайды. Сайлау қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 90,72 проценті, Сыр елінің 81,07 проценті сайлауда белсенділік танытты. Осылайша алдағы 7 жылдағы Қазақстанның даму бағыты айқындалды. Демек, елдегі қазіргі саяси-экономикалық реформалар жалғасады. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевты 6 млн 456 мың 392 адам, яғни сайлаушылардың 81,31 проценті таңдаған. Бұл жеңіс – халықтың Мемлекет басшысының прогрессивті реформалары төңірегінде бірігуінің айқын көрінісі. Азаматтар сенім мандатын берді. Сайланған Президенттің алдында алдағы жылдарда сайлауалды уәделерді жүзеге асыру міндеті тұр. Ел ертеңінің тізгінін ұстар тұлғаны жаңылмай таңдағанын көпшілік қауым оң өзгерістер мен игі істердің қатары артатынына үмітті.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
22 қараша 2022 ж. 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031