» » Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев елді дүр сілкіндірер жаңалығы барын айтты

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев елді дүр сілкіндірер жаңалығы барын айтты

Ерте қартайып кеткен атыраулық Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрайтындай жаңалығы бар екенін айтты. Бала кезінен терісі ерте қартайып, ел назарына түскен ол есейе келе той бизнеске мойын бұрған болатын деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Мен қазір Мәскеуге барғалы жатырмын. Ол жақта көптен бері шақырып жүрген шаралар бар еді. Орындалмай жүрген армандарды жүзеге асырудың сәті келіп жатқан секілді. Қазір ертерек ештеңе айтпай-ақ қояйын. Амандық болса алда үлкен жаңалық болғалы тұр. 1 мамырдан бастап елді дүр сілкіндіретін жаңалықтар жасайтын боламын. Мен оны NUR.KZ-ке бірінші айтып беретін боламын», - дейді Нұржан Өркешбаев.
Екі жылдан бері өзінің бойдақ жүргенін айтқан Нұржан бар күшін өнерге салып жүргенге ұқсайды.
"Қазір той бизнесінде жүрмін. Сұраныс Қазақстанның барлық өңірінен болып жатады. "Менің бағам мынадай еді" деп отырған ештеңем жоқ. Халықтың бергенін алып отырмын. Асаба болып көп шыққан жоқпын. Көбіне тойларға өлең айтуға барамын", - дейді ол
Естеріңізге салсақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының тұрғыны Нұржан Өркешбаев бала кезден прогерия (терінің ерте қартаюы) сырқатына шалдыққан.
2011 жылдың желтоқсанында оған «Ниссамед» емханасында екі кезеңнен тұратын кешенді косметологиялық операция жасалды.
Сол кезде дәрігерлер сыртқы қартаюдан өзге Нұржанның ағзасында ешқандай қайтымсыз процесс жүріп жатпағандығына сендірген болатын. 
25 сәуір 2018 ж. 1 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 062
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031