Құрылтай
» » Аудан әкімінің есеп беру кездесуі Жосалы ауылдық округінде жалғасты

Аудан әкімінің есеп беру кездесуі Жосалы ауылдық округінде жалғасты

qarmaqshy-tany.kz Аудан басшысы Әділбек Бөрібайұлының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес аудан тұрғындарын есепті мерзім бойынша ауданда жүргізілген жұмыстармен таныстыру мақсатындағы есеп беру кездесуі Жосалы ауылдық округінде жалғасты.
Кездесуде Жосалы ауыл әкімі Әлімбай Білжанов осы уақытқа дейін ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын нығайту мақсатында атқарылған ауқымды жұмыстарды саралады.
Содан соң, сөз алған аудан басшысы Әділбек Ерсұлтанов өңір бойынша жыл бойына атқарылған іргелі істерді баяндап, алдағы жылға мақсатталған, алға қойған жобаларды сөз етті.
Оның ішінде, Жосалы ауылындағы көшелерді жөндеуден өткізу, аяқ сумен қамтамасыз ету, спорт және балалар ойын алаңын салу, басқа да жобалар бойынша өз ойын зерделеді.
Кездесу барысында Жосалы ауыл тұрғындары Қази Абылаев,  Қалдыбек Өтемісов, Бүркіт Қалдашбаев, Жақсылық  Жалғасбаев және басқалар  көшені жарықтандыру, жөндеу, егесіз жүрген иттерді ату, аяқ су мәселесі, басқа да сауалдарын қойып, тұщымды жауабын алды.
17 қараша 2022 ж. 683 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 674
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31