Есепке жүйрік өрендер жеңісі
qarmaqshy-tany.kz Бүгінде ментальді арифметиканың тасы өрге домалап тұр. Ментальді арифметика – 4-14 жас аралығындағы балалардың зияткерлік қабілетін дамытуға арналған, ойша есеп жүйесіне негізделген бағдарлама. Ауданда ментальды арифметиканы үйрететін "Сана" оқыту орталығының жұмыс істегеніне біршама уақыт болды. Орталық жетекшісі Мереке Жунерова білім алушылар түрлі байқауларға қатысып топ жарып жүргенін айтады.
Жақында ғана Астана қаласында халықаралық деңгейде өткен жарыста оқушылар жүлделі орындармен оралды. Байқау 2 кезең бойынша өткен. Жазбаша кезеңде Венера Зұлбұхар, Арнат Қанибеков, Марлен Мамле, Айбархан Шәмшілер ІІІ орынды иеленді. Ал экранда таңдау кезеңі бойынша Рамазан Сатмағамбет ІІ орын, Айдәулет Мәдірәсілов, Санжар Перметай ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Ал Шымкент қаласында ментальды арифметика бағдарламасы бойынша ІІІ республикалық олимпиадада Айдәулет Мәдірәсілов экранда 2 таңбалы санды, 4 қатарлы есепті 0,3 жылдамдықта шығарып І орын алды. Арсен Айболат формула 10 бойынша екі таңбалы сандарды 4 қатарлы есепті 10 минутта 120 есеп шығарып, оның 115-іне оң жауап беріп, І орынды иеленді. Марлен Мамле жазбаша бірліктерді, 4 қатарлы есепті 5 минутта 70 есептің 61 есебіне дұрыс жауап беріп, ІІ орын иеленді. Нұрислам Өтепберген формула 5, 120 есепті 8 минутта шешіп, 110-на дұрыс жауап беріп, ІІ орын иеленді. ІІІ орынды Нұрасыл Жыланбасов пен Ержан Ибрагим еншіледі. Ал Еркебұлан Асылбеков пен Данияр Мейрамбекұлы жазбаша формула 10 бойынша қатысып, ІІІ орын мула 10 бойынша қатысып, ІІІ орын иеленді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ