» » «Сананың» сайыпқырандары

«Сананың» сайыпқырандары

Қалада тұратын балалардың бос уақыты жоғын естіп таңқалған едік. Өйткені біз мектептен өзге үйірме дегеннің не екенін білмедік қой. Ал қазіргі балаларға барлық жағдай жасалған. Ән, би, күй болсын, білімін шыңдау қажет болсын, бірінен шығып біріне барып, бос уақытын тиімді пайдаланады. Бүгінде мұндай үйірмелер тек қалада емес, өзіміздің ауданда да бар. Солардың бірі – «Сана» білім беру орталығы.
Орталық былтыр тамыз айында ашылыпты. Содан бері 50-ден аса оқушы мұнда білімін одан әрі шыңдауда. Үйірмеде балаларды менталды арифметика, жылдам оқыту, каллиграфия яки көркем жазу, сонымен қатар ағылшын тілін меңгерту бойынша мектепалды даярлық курстары қамтылған. Курс онлайн және офлайн форматта өтеді. Мұндағы балалардың жас аралығы 5 жастан 15 жасқа дейін. Орталық жетекшілері – Мереке Жунербаева мен Дана Дюсекбаева. Оқытушылардың айтуынша, орталыққа келген балалардың қызығушылығы жоғары. Үйренген үстіне үйренгісі келіп, талпынып тұ­ратынын жеткізді.
– Бастапқыда репетитор болып, оқушыларды үйде оқыттым. Келер баланың саны көбейе бастады. Содан Дана апай «неге бөлек шығып, үйірме ашпайсыз» деген ой тастады. Қазір орталықты жалға алып отырмыз. Оқушыларды жарнама жасау арқылы жинадық. Бүгінде 50-ден аса шәкіртіміз бар. Карантин уақытында талапқа сай жұмыс істедік. Бұйырса, мемлекеттен көмек алып, орталықтың көкжиегін кеңейту үшін грантқа тапсырып қойдым. Ұтып жатсақ, алып жатсақ нұр үстіне нұр болар еді. Алға қойған жоспар көп. Оның жүзеге асуына атсалысып келеміз, – дейді Мереке Жолдасбекқызы.
Орталық таңғы сағат 9.00-11.00 аралығында, түстен кейін 14.00-ден 17.00 аралығында жұмыс істейді. Ал ағылшын тілінің маманы кейде кешкі сағат 19.00-ге дейін отыратын күндері бар. Мұнда 5 күндік жұмыс көрсетіледі, сенбі күн түске дейін.
«Сана» білім беру орталығының жет­кіншектері түрлі байқауға да қатысып, бақ сынауда. Жақында ғана ақжолтай жаңалығымен бөліскен орталық же­т­ек­шілері бізді де бір марқайтып тастады. Шымкент қаласында менталды арифметикадан өткен республикалық турнирде орталықтың балғындары минутқа ойша есеп шығарып жарысқан. 30 минут уақыт ішінде 60 есепті ойша, 60 есепті абакуста тәсілімен шығарған олар жүлделі орынмен оралды. Гаухар Ертуғанқызы, Нұрайым Ержанқызы, Альтаир Рахымжанұлы, Венера Сабитқызы, Ақсұңқар Наурызханұлы І орыннан көрінсе, Айдәулет Қанатұлы, Амина Замирқызы, Бақдәулет Ерланұлы ІІ орынды қанжығасына байлапты. Ал Нұрайым Ержанқызы 100 қатысушының ішінен топ жарып «Абсолюттік чемпион» атанып ауданның мерейін асырды.
– Үйірмеден үйренеріміз көп. Сабақтар қызықты өтеді. Жарыстарға қатысып, білімімізді шыңдап келеміз. Апайларға алғысымыз шексіз, – дейді орталықтағы оқушылар. Би – құдіретті өнер. Мың бұралған икем, қозғалыс, әр қимыл көп нәрсені аңғартып, терең мағына береді. Осы өнерді серік етіп, сахна әлемінде топ жарып жүрген «Бастау» би тобы ауданның жарық жұлдызы іспетті. Топ жетекшілері – мәдениет саласына үлес қосып жүрген өнерлі жұптың бірі – Берік Айтов пен Жазира Сәтбергенова. Бүгінде олар шәкірт тәрбиелеп, түрлі байқаудан жүлделі оралып жүр.
Айнұр ӘЛИ
12 наурыз 2022 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031