» » Алматылық оқушы балаларға тегін ағылшын тілін үйрететін онлайн мектеп ашты

Алматылық оқушы балаларға тегін ағылшын тілін үйрететін онлайн мектеп ашты

Бүгінде карантин жағдайына байланысты оқу, жұмыс және басқа шаралардың барлығы онлайн форматқа көшірілді. Яғни үйден жұмыс істеп, үйде оқитын кезең бұл. Карантинді сәтті пайдаланып, өз идеясын жүзеге асырғандардың бірі алматылық оқушы Илья Кан. Ол игі шараны қолға алып аз қамтылған отбасыдан шыққан, дәрігерлер мен полицейлердің балаларына тегін ағылшын тілін үйретуде. Сол үшін де арнайы онлайн мектеп ашқан. «Teaching for heroes» жобасының авторы ҚазАқпаратқа сұқбат беріп, жақында қолға алынған әлеуметтік жобаның қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы айтып берді.


«Менің жасым 16-да. Бос уақытымда оқығанды, жазғанды ұнатамын, сол сияқты мектепте футбол ойнаймын. Мен қазір АҚШ-та оқимын, биыл 11 сыныпқа өттім. Болашақ мамандыққа қатысты әлі нақты таңдау жасаған жоқпын. Дегенмен жоғары білімді де осы АҚШ-та жалғастырмақ ойым бар. Бастапқы кезде өзім де тіл үйретіп, сабақ бердім. Қазір көбінесе ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысамын. Бүгінде біздің онлайн мектепте 2 мыңнан астам бала және жеткіншек ағылшын тілі курсынан өтіп, білім алуда. Оның ішінде жобамен 100-200 қатысушы аз қамтылған отбасының балалары. Ағылшын тілін меңгеремін деген ниетті балалармен 900-ге жуық оқытушы өз тәжірибесімен бөлісуде», - деді И. Кан.

Сондай-ақ, жоба авторы онлайн мектепті ашудың алғашқы сәтінде қиындықтардың кездескенін де жасырмады.

«Бұл жоба командалық жұмыс. Бізде өзіміздің Whatsapp желісінде тобымыз бар, сол жерде жұмыс барысы мен оған қатысты идеяларды бірге талқылаймыз. Ол жерде маған көмектесуші достарым, тіл үйретуші мамандар бар. Онлайн мектебіміз алғаш жұмыс істей бастағанда бірнеше қиындықтар болды. Атап айтқанда, көбісі онлайн платформаға қалай қосылу керектігін білмеді, одан соң курсқа қалай және кімдерге жазылуға болады деген сұрақтар жиі туындады. Уақыт өтіп жұмыс істей келе, аталған мәселелер өз шешімін тапты. Жобаның ашылғанына бір ай да болған жоқ, дегенмен рахметін айтып, ризашылығын білдірушілердің саны өте көп. Оның ішінде балалармен қатар олардың ата-аналары да бар. Тіл үйретуші мамандар да мұның керек жоба екенін айтуда. Әсіресе қатысушы балалардың әр сабақты асыға күтетіні қуантады. Оның үстінде біздің тіл үйрету форматымыз әдеттегідей лекция түрінде емес. Біз әр баланың ерекшелігі мен қабілетіне қарай жеке түрде оқу форматын әзірлеп, үйретеміз», - дейді ол.

Оның айтуынша, ең бастысы - балалардың риза болуы мен тіл үйренуге деген қабілеті.

«Тағы бір айтып өтетін ерекше сәт, бұл балалар мен жеткіншектерге тек қана ағылшын тілін үйрететін онлайн мектеп емес. Бұл әлеуметтік жоба, біздің мақсат – ортақ қызығушылығы бар балалардың басын біріктіру. Өз идеяларын жүзеге асырғысы келетін балаларға бағыт-бағдар көрсетіп, мүмкіндігінше ақыл-кеңес беру. Ағылшын тілі үйрену курсына қалай жазылуға болады деген сауалдар да түсіп жатыр. Оларға айтарым, басты талап қатысушының аз қамтылған отбасылардың, дәрігерлердің, полицейлердің отбасынан болғаны абзал. Дегенмен осы күнге дейін ешқандай қатысушының бетін қайтарған емеспіз», - деді алматылық жеткеншік.

Илья Канның мәлімдеуінше, тіл үйренгісі келетіндердің арасында қазақстандық балалардан бөлек, алыс-жақын шетелден де ниеттілер бар.
«Сабақ беретін мамандардың құрамы өте мықты, біздің жобамыз туралы естіген әлемге әйгілі университеттердің ұстаздары да қол ұшын созуда. Оқытушылардың кейбірін мен өзім шақырдым, ал қалғандары осы жоба туралы интернеттен біліп, өздері ынта білдірді. Оқушылардың қатарында Қазақстаннан бөлек, Ресей, Әзербайжан және Армениядан бар. Өз елімізден көп өтінім білдіруші Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан болып отыр», - деді ол.

Одан бөлек, онлайн мектепті ұйымдастырушы жерлесіміз балаларды іріктеу процесінің қалай өтетіні туралы айтып берді.

«Тіл үйренемін деген әрбір ниеттенуші алдымен сауалнаманы толтырады. Ол жерде қандай отбасыдан шыққаны, жасы мен басқа да деректер сұралады. Егер біздің талаптарға сай келсе ол қабылданады. Дегенмен бала тіл үйренуге құштар болып, бірақ біздің талаптарға сәйкес келмесе, мысалы ол дәрігердің емес мұғалімнің баласы болуы мүмкін, ондай жағдайда біз бас тартпай оқуға қабылдаймыз. Яғни үйренемін деген ынтасы бар балаға есік ашық. Сабақ әр баламен жеке түрде өтеді. Алғашқы уақытта 6 сабақ өтеді, содан соң баланың ынтасы мен тіл меңгеру деңгейіне қарай жалғаса береді. Курс 1 айдан, 1 жылға дейін созылуы мүмкін, оны оқушы мен оқытушы өзара шешеді», - деді И. Кан.

Сөз соңында идея авторы аталған жобаны карантин кезінде ғана емес, одан әрі жалғастырып дамыту жоспары барын айтты.




09 тамыз 2020 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031