» » Шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі қандай?

Шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі қандай?

qarmaqshy-tany.kz Білім алу – қай заманда болмасын болашағын ойлаған адамның басты мақсатының бірі екені анық. Әр адамның ойлаған арманы, көздеген мақсаты осы алған білімінің арқасында орындалып, шындыққа айналатыны даусыз. Білім алу – Исламның ең басты құндылығы. Қазіргі таңдағы терроризм, экстремизм, лаңкестіктің орын алуының негізгі факторларына қарасақ, діни білімсіздік пен надандықтың салдарынан екенін көреміз. Елімізге тәуелсіздік алған жылдары ентелеп кірген радикалды діни ағымдардың соңы діни экстремизмге әкеліп соққандығы баршаға мәлім. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары рухани шөліркеген жастарымыз жаппай шетелдерге білім алуға аттанды. Еркіндік берілген кезде жастардың алдыңғы легі діни білім аламыз деп, Сирия, Түркия мен Араб елдеріне аттана бастады.
Ата-аналар шетелден келген діни миссионерлерге мұсылман дінін үйретеміз деген соң, мектепті жаңадан бітірген балаларын қолдарына ұстатып жіберді. Онда діннің атын жамылған радикалды топтар мен ағымдардың өкілдері осы жасөспірімдерді жат экстремистік пиғылдағы пікірлерімен улады. Осылай адасып келген жастар елімізге оралған соң жастарымызды теріс пиғылды дұрыс емес діни мәліметтермен улап, соңы өкінішті жағдайларға әкеліп соқтырды. Бірі «хизбутшы», бірі «уахаббист», енді бірі «құраниттер» болып, өздерінің адасқанымен қоймай, «тәлім» берген ағымның сойылын соғып, жұртты адастырып жүр. Енді сол «діндар» азаматтардың кейбіреуі экономикалық іргетасын қалап, ата-салты мен әдет-ғұрпын жаңғыртып келе жатқан мемлекетімізді даму жолынан тайдырғысы келеді. Өйткені олардың басым бөлігі Ислам дінінің қайнар көзінен білім алдық деген оймен, мәзһаб мәселесін ұмытып, Ислам ойшылдары мен ұлық имамдарды адасқан деген ұстанымдағы мектептердің өкілдерінен білім алғандар. Олар негізгі дұрыс Ханафи, Малики, Шафиғи, Ханбали мәзхабтарын теріске шығарып, өздерін сәләфилерміз дейтін ағымның сойылын соғады. Бұлар дәстүр мен ұлттық құндылықтарды аяқасты етіп, уахабизмнің негізгі идеологтары Ибн Баз, Ибн Таймия секілді «ғұламалардан» және солардың «шәкірттерінен» өзгелерді таңдамайды. Себебі тіс қаққан «діндарлар» өз «шәкірттерінің» санасын улап, ешкімге құлақ аспайтын халге жеткізеді. Содан соң қанша тырысып бақсаңыз да, ондай азаматтардың дәстүрлі ортаға келуі қиынға соғады. Мұны қазіргі дін саласында жүрген тәжірибелі теологтар жақсы біледі. Сол үшін қазіргі маңызды проблемадан шығар жол – білім жолы. Қасиетті Құранның алғашқы аяты «Оқы» деп басталады. Мұхаммед пайғамбарымыз да барлық мұсылман ер мен әйелдерге ілім үйренудің парыз екенін айтқан. Қазіргі уақытта қазақстандық жастардың белгілі бір бөлігінің арасында діни білім алу үшін шетелдік теологиялық рухани оқу орындарына түсу қажет деген пікір бар. Алайда, көбі шетелде теологиялық білім алудың осындай үлкен қаупі бар екенін ескере бермейді.
Енді не істемек керек? Сонда жастарымыз қайда оқиды десеңіз, елімізде мұның оңтайлы шешімдері баршылық.
Қазіргі кезде мемлекет тарапынан діни сауаттылықты арттыру мақсатында теріс идеологияға қарсы иммунитетті дамытуға арналған әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылуда. Осыған байланысты, елімізде азаматтардың діни және дінтанулық білім алуларына мүмкіндік жасалуда. Бұл алған білімдері теріс ағымдағы жолдарға төтеп беруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта республикада «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және 9 Ислам медресесі жұмыс істейді. «Нұр-Мүбарак» университеті исламтанушылар, дінтанушылар мен филологтарды дайындайды, онда жоғары білікті мысырлық және отандық оқытушылар сабақ береді. Мен де осы аталмыш оқу орнының шәкірті екенімді мақтанышпен айтқым келеді. Жоғарыда аталған 9 медресе арнаулы зайырлы оқу орындарына айналып, мемлекеттік үлгідегі диплом береді. Қазақстандық жоғары оқу орындарына дінтану және теология саласына мамандар даярлау әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.Бөкетов атындағы ҚАРМУ және тағы басқа университеттері базасында табысты жүзеге асырылуда. Аталған оқу орындары зайырлы қоғамда еліміздің білім беру стандартына сай жүргізіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз Отанында алғашқы діни білім алуды және содан кейін ғана теологиялық білімді одан әрі тереңдету үшін шетелге шығуды ұсынатынын атап өткім келеді. Сонымен қатар Қазақстан Мұсылмандар Діни Бірлестігі беделді шетелдік технологиялық оқу орындарында білім алу үшін тиісті бағыттар береді.
Өз еліңде, өз жеріңде ата-дәстүр мен салтыңды, барлық ұлттық құндылығың мен менталитетіңді сақтай отырып оқу, ертеңгі күні біртұтас мұсылманның арасында түсініспеушілік пен фитнаның (бүліктің) шықпауына кепіл болары сөзсіз. Жоғары діни білімді, руханияты мол, салауатты қоғам қашанда кез келген экстремизм мен терроризмге қарсы тұрары анық.
Сөзімді қорытындылай келе болашағын дінтану мен теологиялық ілімдерді зерттеуге арнаған қазіргі жастарға өз Отаныңда кәсіби білім алудың барлық мүмкіндігі жасалғанын айтқымыз келеді.
Жалғас СҚАҚОВ,
облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының
аудандық бөлімшесінің теолог маманы
02 қараша 2022 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031