» » Сыр жастары жеңіс төрінде

Сыр жастары жеңіс төрінде

Биыл Сыр елінің жастары толағай табыстарға жетіп, биік белестерден көрінуде. Солардың қатарында - облыстың тұңғыш “гроссмейстері” атанған Әсел Серікбай жақында Италияда өткен чемпионатта күміс жүлдегер атанса, Қорқыт ата атындағы ҚУ студенті Азамат Абимолда үш бірдей конкурстың стипендиясын иеленді. Ал қызылордалық өнертапқыш Марат Палмахов «Мәңгілік қозғалтқыш» деп аталатын өздігінен жарықтандыру құрылғысын ойлап тапты. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыр мақтаныштары өздерінің жетістіктерімен бөлісті.
- Былтыр мен өздігінен электр және сумен қамтамасыз ете алатын автономды генератор жасадым. Бұл құрылғыны қолдану оңай және үлкен шығынды қажет етпейді. Сондықтан жобаны өнеркәсіптік өндірісте пайдалануға болады. Генератор экологиялық материалдардан жиналғандықтан қоршаған ортаға зиянсыз. Сондай-ақ аталған генератор толығымен автономды, яғни оның жұмысы сыртқы факторларға тікелей байланысты емес. Қуат көзі ретінде желді де, суды да, электр энергиясы немесе отынды қажет етпейді. Тиімділігі де сол, бұл құрылғыны алыс елді мекендерде, фазендаларда, омарталарда, фермерлік шаруашылықтарда қолдануға өте ыңғайлы, - деді өнертапқыш Марат Палмахов.
- Мен 6 жасымнан бастап шахмат ойнауға әуес болдым. Содан бері әлемдік және республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып келемін. Менің өмірімде шахматтың алатын орны ерекше. Осы спорт түрі арқылы білімім артып, көптеген жақын дос таптым. Ең бастысы – өзімнің елім Қазақстан, оның ішінде туған жерім Қызылорданың атын барша әлемге таныту мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта жеке үйірме ашып, шәкірт тәрбиелеуді қолға алмақшымын. Оқушыларыма бар білген білімім мен тәжірбиемді үйрету арқылы Сыр елінің спортшыларын даярлаймын. Сондай-ақ әлемдік жарыстарда мұнан да биік белестерді бағындыру үшін үздіксіз дайындалатын боламын, - деді облыстың тұңғыш гроссмейстері Әсел Серікбай.
- Биыл үш бірдей конкурстың стипендия иегері болдым. Оның бірі - ҚР Президентінің шәкіртақысын екінші мәрте алдым. Жалпы бұл стипендия 1-ші курстан бастап GPA көрсеткіші «өте жақсы» студенттерге беріледі. Сонымен қатар, биыл Оңтүстік Корея мемлекетінің «Корени Кум» фондының бір реттік стипендиясын иелендім. Бұл байқаудың шәкіртақысына қол жеткізу үшін «Personal statement» яғни, корей тілін білуі қажет. Осы арқылы конкурстың іріктеуінен сүрінбей өтіп, алғашқы 30 стипендия иегерінің қатарынан көріндім. Тағы да бір «ZhaSTAR» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің аясында Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақысы бұйырды. Стипендиялық бағдарламаның негізгі мақсаты – белсенді әрі дарынды жастарды анықтау арқылы білім алушылардың ғылыми және шығармашылық тұрғыда ынталандыру болып табылады. Аталған байқаулардың шәкіртақысына іліккеніме қуаныштымын. Алдағы уақытта Корей мемлекетінде білім алуды жоспарлаудамын, - деді студент Азамат Абимолда.



01 қараша 2022 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031