Сырбойылық өнертапқыш суарудың жаңа әдісін ойлап тапты
Үздіксіз жұмыс істейтін қозғалтқыш жасау мүмкін бе? Осы сауал қызылордалық өнертапқыш Марат Палмаховты қызықтырады. Жастайынан электроника, роботты техника, дәнекерлеу ісіне құмар ол үлкен жобаларды жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24». Сырбойылық бағдарламашы шалғай алқаптарды механикалық әдіспен суару жүйесін ойлап тапқан.
Қамбар Бекенов, тілші: - Мына аппаратқа су, жел, күн, электр энергиясы және жанармайдың қажеті жоқ. Механикалық физиканың тәсілдері арқылы құрылғы өздігінен айналып қуатты өзі өндіреді. Сол арқылы жерасты суын жоғары көтеріп, егістікті суаруға немесе төрт түліктің суатына пайдалануға болады. Одан бөлек, үйді жарықтандыруға да қауқары жетеді екен. Бұл, әсіресе, шалғайдағы шаруа қожалықтарына таптырмас қондырғы. Мәңгілік қозғалтқыш жобасын Марат Палмахов «ЭКСПО-2017» көрмесінде көпшілікке ұсынуды жоспарлаған. Бірақ есептеулері сәйкес келмей жаһандық шараға үлгермей қалған.
Марат Палмахов, өнертапқыш: - Алғашқы модель прототипі өте шағын болды. Қозғалтқыш айналған сәтте ауырлықты арттырсам, ол тоқтап қала берді. Содан механизмді қайтадан жинауға тура келді. Менің есебім бойынша мотор үздіксіз әрі өздігінен айналып, ауырлықты тартып кете алу керек. Сонда оның өндірісте пайдасы мол. Қазір діттеген мақсатыма жеттім десем болады.
Марат енді тәжірибе жүзінде дәлелденген жобаның сызбасы мен теориялық негіздемесін әзірлеуге кірісті. Жеңіл материалдардан жиналғандықтан, шығыны аз, бірақ пайдасы ұшан-теңіз құрылғысын республикалық және халықаралық ғылыми байқауларға апаруға бел байлап отыр.
Марат Палмахов, өнертапқыш: - Алдымен жобамды патенттеп алуым керек. Сосын мемлекеттік қолдау көрсететін ұйымдарға барып, жобамды қорғап, технологияны инновациялық тәсілдермен ұштастыру үшін гранттарға өтінім беремін. Бағдарламашы енді ауаны түтіннен тазалау және өзен-көлдерді тұрмыстық қалдықтан арылтатын аппарат жасап шығару идеясы толғантып жүргенін айтады.
24.kz