» » Қызылордадан шыққан алғашқы гроссмейстер кім?

Қызылордадан шыққан алғашқы гроссмейстер кім?

Шахматшы Әсел Серікбай елімізде тоғызыншы, Қызылорда облысы бойынша тұңғыш  «гроссмейстер» атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әсел Серікбай - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі. Ол Италияның Сардиния қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Жеңімпазды қабылдаған оқу орнының басшысы Бейбіткүл Кәрімова «Үздік түлек» төсбелгісін табыстап, алдағы додаларға сәттілік тіледі. 
Университет мақтанышы Әсел Серікбай 4 дүркін Әлем чемпионы атанып, Азия чемпионатында 7 мәрте жеңімпаз болды. Сондай-ақ, ел біріншілігінде 17 рет топ жарған.
Өз кезегінде Әсел қолдау  көрсеткен барша азаматтарға ризашылығын білдірді. 
Оқу орнында спортты дамыту және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше назарға алынған. Әрдайым спортшыларға қолдау көрсетіп, демеп келеді. Сондықтан, әрбір жеңісімнің артында ұстаздарымның тәрбиесі мен табанды еңбегімнің нәтижесі бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі болу үлкен мақтаныш, – деді Әсел Серікбай.
Аймақ бойынша шахмат спорты қарқынды даму үстінде. Шахмат ойыны балалардың ойлау қабілетінің дамуына, қабілеттерін ашуға көп септігін тигізеді дейді мамандар. Бүгінде Республика бойынша әлемдік чемпионаттарда жеңімпаз атанған тоғыз гроссмейстер бар.
29 қазан 2022 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031