» » Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

qarmaqshy-tany.kz ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ДҮР СІЛКІНДІРГЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ АСТАНАСЫ СЕУЛДЕ ХЭЛЛОУИН МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН КЕШТЕ БОЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТЫ СІЗ ДЕ ОҚЫҒАН БОЛАРСЫЗ. АДАМДАР МЕРЕКЕНІ АТАП ҮШІН КӨШЕГЕ ШЫҒЫП АРТЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙҒА ҰЛАСҚАН. АЛДЫН АЛА БОЛЖАМ БОЙЫНША, ХЭЛЛОУИН МЕРЕКЕСІНДЕ АДАМДАРДЫҢ ҮЛКЕН ТОБЫ HAMILTON ОТЕЛІ МАҢЫНДАҒЫ ТАР КӨШЕГЕ КІРІП, БІРІН-БІРІ ТАПТАҒАН.
Бұл жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында орын алған. Мұнда бір уақытта шамамен 100 000 адам болған. Хэллоуиннен басқа, олар COVID-19 пандемия сынан кейінгі алғашқы ашық аспан астындағы іс-шараны атап өткен.
Қайғылы оқиғаға қатысты елде 30 қазаннан қарашаның 5-іне дейін Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Жергілікті билік бұндай оқиғаның қайталанбауы үшін жіті тергеу жүргізілетінін мәлім етті.
Қазанның 29-ы Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 154 адам мерт болды. Олардың 26-сы шетелдік. Қаза тапқандар ішінен Қазақстан азаматшасы бар екені анықталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Марқұм қыз Корея Республикасының жоғары оқу орындарының студенті, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланысып, мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуде.
Ел президенті Юн Сок Ёль қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек жазылып кетуін тіледі. Ол ел үкіметінің мерт болғандарды жерлеуге дайындық шараларын қолға алып, жедел жәрдем қызметтерін толықтай жарақат алғандарды емдеуге жұмылдыратынын айтты. Сондай-ақ қажет адамдарға мемлекеттік қызметшілер жекелей де көмек көрсетеді.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
01 қараша 2022 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930