Құрылтай
» » "Кальмар ойыны" фильмінің үлгісімен өткен кеште 8 адам қаза тапты

"Кальмар ойыны" фильмінің үлгісімен өткен кеште 8 адам қаза тапты

Панамадағы "Кальмар ойыны" үлгісімен өткен Хэллоуин кешінде 8 адам қаза тапқан. Бұл туралы 31 қазан күні TN News мәлімдеген.

панама хэллоун
Оқиға 29 қазан күні таңертең болған. Алдын ала болжам бойынша, екі жергілікті қылмыстық топ арасында атыс болып, салдарынан бес адам оққа ұшқан. Сондай-ақ тағы үш адамның мәйіті жақын маңдағы қоқыс тастайтын маңнан табылған. Жеті адам түрлі жарақат алған.
Прокурор Рафаэль Балойестің айтуынша, атыс бір адам "Лос-Галактикос" деп аталатын бәсекелес топтың мүшелеріне оқ атқаннан кейін басталған.
Қазіргі уақытта екі адам ұсталды, оның ішінде атыс кезінде қаза тапқандардың бірінің ағасы да бар.
"Болжам бойынша, ол бауырын қорғау үшін атыс қаруын қолданған болуы мүмкін", - деді прокурор.
Өз кезегінде полиция директоры Джон Дорнхайм қатысушылардың кейбірі бұрынғы қақтығыстардың салдарынан сотталғанын және оқ жарақатын алғанын айтты.
05 қараша 2021 ж. 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 677
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31