» » Жауынгерге жеңілдік

Жауынгерге жеңілдік

qarmaqshy-tany.kz ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ, ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ, ӘСКЕРГЕ БАРУДАН ЖАЛТАРАТЫН ЖАСТАР КӨБЕЙДІ. СЕБЕБІ ДЕ ЖОҚ ЕМЕС. СОҢҒЫ УАҚЫТТА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ ОРЫН АЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒЫМСЫЗ ЖАЙТТАРДАН СОҢ АТА-АНАЛАР ӨЗ БАЛАЛАРЫНЫҢ ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУІНЕ ҚАРСЫ. ЕНДІ ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

Қорғаныс министрлігі азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында жаңа жобаны жүзеге асырмақ ниетте. Министрлік тиісті ережелерге өзгерістер енгізу жұмыстарын бастап кетті. Жобаны іске асыру білім беру саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етпейді. Бүгінде министрлік 50-ге тарта ЖОО-мен 3000-нан астам сарбазға грант беру жөнінде келісімге келді. Жоба негізінде әскерге барған азаматтар ҰБТ-ны есепке алмай, екі жыл ішінде жоғары оқу орнында білім ала алады. Сондай-ақ министрлік сарбаздардың қауіпсіздік мәселесін де қолға алмақшы. Мәселен, аға офицерлердің жауапкершілігін арттырып, ата-аналар комитетімен тығыз байланыс орнату жоспарда бар. Психологтар да жауынгерлермен жиірек кездесіп, моральдық қолдау көрсетпек. Бұдан бөлек, әскери борышын өтеген және «Кадет» сыныбын бітірген түлектерге университетке грант алу үшін 5 процент квота бөлінеді.
Жыл сайын әскер қатарына 35 мың азамат шақырылса, оның кемі 10 проценті, яғни 3000 сарбаздың тегін оқуына мүмкіндік бар. Олардың жауынгерлік даярлығы мен үлгілі тәртібі арнайы цифрлық платформаға енгізіледі. Бұл жүйе келешекте кімдердің гарнтқа түсуіне мүмкіндігі барын анықтауға сеп. Енгізілген ақпараттардың бағалау қорытындысына қарай отырып тәуелсіз комиссия кімдерге жеңілдік жасалатынын іріктейді. Оқуға тапсырудың қосымша механизмдері алдағы уақытта қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланады.
– Платформа жауынгерлік, дене шынықтыру және арнайы даярлықты бағалау нәтижелері бойынша әрбір сарбаздың жеке рейтингін айқындайды. Сонымен қатар рейтингке олардың психологиялық жай-күйі мен жауынгерлік кезекшілігін атқару нәтижесі де кіреді. Барлық дерек қорғаныс министрлігінде жинақталады әрі оны өзгертуге болмайды, – дейді Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмадиев.
Демек, мерзімді әскери қызметін өткерген барлық азаматтар екі жыл ішінде қалаған оқу орнына ақылы негізде түсе алады. Ол үшін ҰБТ нәтижесі талап етілмейді. Сондай-ақ, мамандықтар мен жоғары оқу орындарына да шектеу болмайды.
Әскерге шақырылғандардың жеке басында несие болса оларға да жеңілдік жасалмақ. Яғни, несие төлеуден уақытша босатылады. Сарбаздарға әскери борышын өтеу және жұмысқа орналасу уақытын қоса есептегенде шамамен 13 ай несиелік демалыс берілмек. Қазір қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісімге келу мәселесі қарастырылып жатыр. Жобаға қатысты пікірді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Рүстем Тұрғановтан да сұрап көрдік.
– Жоба жауынгерлерге үлкен жеңілдік болғалы отыр. Бұл мүмкіндікті әскери қызметі кезінде жақсы көрсеткіштерге ие болғандар ғана пайдалана алады. Жауапты ведомство бұл жаңашылдықты жастарды әскерге баруға ынталандыру үшін енгізген. Әскери борышын өтеп келгендер жоғары білімді кез келген мамандық бойынша ала алады. Мұнымен қоса олар жоғары оқу орнындағы әскери кафедрадан тегін білім алады, – дейді бөлім бастығы.
Жоба 2023 жылдан басталады. Мұндай жеңілдіктер қазіргі уақытта борышын өтеп жүрген азаматтарға және 2022 жылы әскерге шақырылуға жататын сарбаздарға берілетін болады. Демек күнтізбе бойынша күзде әскерден келген соң, олардың оқуға түсуге мүмкіндіктері болады. Ал бұрынғы әскери қызметшілер жоғары оқу орындарының әскери кафедра- сында тегін оқи алады. Жаңа жобаны Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдап отыр.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
01 қараша 2022 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 307

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930