» » Облыста 5000-нан аса жасөспірім әскери есепке алынады

Облыста 5000-нан аса жасөспірім әскери есепке алынады


Биыл Сыр елінде 5000-нан аса жасөспірім әскери есепке алынады. Бұл туралы бүгін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық, әскери патриоттық жұмыстары басқармасының бастығы Алмат Жакипов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Бүгінге дейін облыста 3000-ға жуық жасөспірім әскери есепке тіркеліп үлгерген. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен аудандардағы жергілікті әскери басқару органдары жасөспірімдердің санын, білім деңгейін, әскери қызметке жарамдылығы мен дене дайындығын анықтап, әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Осы орайдағы барлық әскери тіркеу науқаны санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілуде.

– Әскерге шақыру учаскілеріне тіркеу кезінде азаматтардың қажетті құжаттары тексерістен өткізіліп, арнайы тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді. Міне, осыдан соң комиссия шешімімен әскери есепке қабылданып, алғашқы әскери құжаттарын алады, – деді Алмат Алмасұлы.

Айта кетейік, 17 жасқа толатын жасөспірімдерді шақыру учаскілеріне тіркеу қаңтар айынан бастап, наурыз айына дейін үш ай бойы жалғасатын болады.

03 ақпан 2021 ж. 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 046
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031